Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарТегін берілуге тиіс дәрілер дәріханаларда сатылған

Тегін берілуге тиіс дәрілер дәріханаларда сатылған

|

|

Atameken Business мәліметінше, халыққа тегін берілуге арналған дәрі-дәрмектердің сатылғаны анықталды. Осыған байланысты бірқатар медициналық ұйымға айыппұл салынды. Цифрлық бақылау барысында тегін медициналық көмек аясында берілетін 26 мыңнан астам дәрі қаптамасының сатылымға шығарылғаны белгілі болды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 106 емхана мен ауруханада, сондай-ақ дәріханаларда жүргізілген тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 60 медициналық ұйымға жалпы сомасы 20 млн теңге айыппұл салынды. Ал алдын ала есеп бойынша келтірілген залал 36 млн теңгеден асады.

 

Еуразия24 пікірі:

Айыппұл Денсаулық сақтау министрлігінің таңбалау жүйесі арқылы жүргізген ауқымды тексеруінің қорытындысы бойынша салынды. Бұл тексеріс туралы сәуір айында да хабарланған еді. Сол кезде 2024 жылы 1 шілдеден бері Қазақстан дәріханаларынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа берілуге арналған 4114 дәрі-дәрмек сатылымнан табылғаны белгілі болды. Олардың қатарында натрий хлориді мен инфузияға арналған глюкоза ерітінділері, жекелеген антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар бар. Анықталған деректер бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданған. Министрліктің бақылау жүйесі заң бұзушылықтарды анықтап отырғаны түсінікті. Бірақ ендігі мәселе басқа: емханалар пациенттерге тегін беруге тиіс дәрі-дәрмектер коммерциялық дәріханалардың сөресіне қалай түскен? Мыңдаған қаптама дәріні медициналық ұйымдардан шығарып, кейін сатуға өткізген адамдар болуы керек. Әзірге олардың кім екені белгісіз. Алайда мұндай көлемдегі заң бұзушылықтың артында нақты жауапты адамдар тұрғаны анық. Алдағы уақытта олардың да аты-жөні жарияланады деп үміттенеміз.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.