Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

Тоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

|

|

АСТАНА. 13 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестициялық байланысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Біз сіздердің елдеріңізге үлкен құрметпен қараймыз. Аддис-Абебада тұрақты жұмыс істейтін елшілігіміз – Қазақстанның Африка құрлығында алғаш ашқан дипломатиялық өкілдіктерінің бірі. Сонымен қатар еліміз Африка одағына бақылаушы ретінде қатысады. Сондықтан Африкамен байланысты дамытуға деген қызығушылығымыз тұрақты әрі айқын. Эфиопиямен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға мүмкіндік мол. Бұл іскерлік байланысты жандандыруға жол ашады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктермен танысу үшін өзара делегациялар жіберуге уағдаласты. Сондай-ақ Қазақстанда Эфиопиядан жеткізілетін шай, кофе және гүл өнімдерін таратуға арналған хаб құру мүмкіндігін қарастыру туралы келісімге келді.

Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы сәтті өтуімен құттықтады.

«Эфиопия да азаматтарының әл-ауқатын арттырып, мемлекеттік институттардың әлеуетін күшейтуге ұмтылып келеді. Осы бағытта озық тәжірибені, соның ішінде Қазақстан секілді достас елдердің тәжірибесін үйреніп жатырмыз. Сіз атап өткендей, Қазақстанның біздің елде елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл елдеріміз арасындағы байланысты нығайтып, одан әрі кеңейтуге септігін тигізеді деп сенемін», – деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абий Ахмедті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілімен ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына...

Путин БРИКС елдерін халықаралық экономикалық ұйымдардағы іс-қимылды үйлестіруге шақырды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БРИКС елдері Халықаралық валюта...