Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстанның халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды

Тоқаев Қазақстанның халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды

|

|

АСТАНА. 13 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның халықаралық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігі мол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан өнеркәсіптік, транзиттік және технологиялық әлеуетін пайдалана отырып, БРИКС-ке мүше елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты әртараптандыруға ниетті. Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ететін Қазақстан БРИКС-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және Үндістанмен еркін сауда туралы келісім жасасу бағытындағы жұмысты ілгерілетуді қолдайды.

«Қазақстан негізгі шикізат ресурстарын сенімді жеткізуші ретінде әлемдік нарықтағы жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Энергетика, аса маңызды минералдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу салаларында әріптестікті дамытуға мүмкіндік мол. Бұл ретте технология алмасуға, білім мен тәжірибе бөлісуге және бірлескен инвестицияға ерекше мән береміз. Сонымен қатар халықаралық маңызы бар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды бірге жүзеге асыруға әлеуетіміз жеткілікті. Жаңа даму банкі БРИКС елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра алар еді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанның БРИКС мүшелерімен және серіктес елдермен тауар айналымы шамамен 72 млрд долларға жеткен.

Мемлекет басшысы көлік байланысын дамыту бұл мүмкіндіктерді кеңейтіп, экономикалық өсімге серпін беретінін атап өтті. Еуразиядағы негізгі транзиттік-логистикалық орталықтардың бірі саналатын Қазақстан теміржол желісін, порттар мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту арқылы халықаралық жүк тасымалын жылдам әрі тұрақты етуге күш салып келеді.

Былтыр Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 40 млн тоннаға жуықтады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті жылына 100 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

«Қазір біздің транзиттік желі Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының 85%-ына дейін қамтамасыз етеді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қазақстан Каспий теңізі бойымен Азия мен Еуропаны байланыстырып отыр. Бұл бағытты «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізімен ұштастыру Еуразиядағы көлік желісін одан әрі дамытып, оның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Президент.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан ұсынған БРИКС елдерінің логистика және жеткізу тізбектері саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қолдайтынын білдірді. Оның пікірінше, бұл бастама «БРИКС плюс» аясындағы нақты жобалар мен өзара байланысты дамытуға жол ашады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев БРИКС саммитінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін көтерді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС пленарлық отырысында өңірлік қақтығыстардың трансшекаралық инфрақұрылымға төндіріп отырған қаупіне назар аударып, ұйым елдерін шиеленістерді реттеуге атсалысуға шақырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Тоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестициялық байланысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілімен ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...