Евразия24ЖаңалықтарЙеменнен 2 мыңнан астам босқын Джибутиге жетті

Йеменнен 2 мыңнан астам босқын Джибутиге жетті

|

|

ДУБАЙ. 14 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендегі соғыстан қашқан 2 мыңнан астам адам Қызыл теңіз арқылы өтіп, Джибутиге барған. Бұл туралы Джибутидің экономика және қаржы министрі Ильяс Мусса Давалех мәлімдеді.

«Қазірдің өзінде Джибутиге 2084-тен астам босқын келді. Біз гуманитарлық көмек көрсету міндетінен бас тартпаймыз, бірақ мұндай қарқын елдегі жағдайды барған сайын қиындатып барады», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Министрдің айтуынша, Йеменнен қашқан адамдардың басым бөлігі Обок маңына келіп түсіп жатыр.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, қыркүйек айында Йемендегі ұрыс қимылдарының күшеюіне байланысты 82 мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

Йемендегі қақтығыс 2014 жылы басталды. 2022 жылдан кейін елдегі жағдай біршама тынышталған еді. Алайда 2026 жылғы шілдеден бастап үкімет әскері мен хуситтер арасындағы шайқас елдің әр өңірінде қайта күшейді. Өткен аптада хуситтер шабуылға шығып, Йеменнің Қызыл теңіз жағалауын түгелдей және Баб-эль-Мандеб бұғазына іргелес аумақтарды бақылауына алды.

The National басылымының мәліметінше, хуситтер Таиз провинциясында шабуылды жалғастыруға тырысып жатыр. Йемен мемлекеттік телеарнасы олардың Таиз қаласының батысындағы шайқастарда үлкен шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болғанын хабарлады. Сонымен қатар Йемен әскери-әуе күштері хуситтердің қосымша жасақтары мен техникасына бірнеше бағытта соққы берген.

Хуситтер Сауд Арабиясымен де өзара шабуылдарды жалғастырып отыр.

Бұған дейін спутниктік суреттер Сауд Арабиясындағы стратегиялық маңызы бар «Шығыс – Батыс» мұнай құбырының Әл-Мисбах маңындағы айдау станциясы қатты зақымданғанын көрсеткен. Құбырдың жұмысы уақытша тоқтатылды. Эр-Риядтың нұсқасы бойынша, шабуылға қатысқан дрон Ирак аумағынан ұшырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.