Евразия24ЖаңалықтарЕуропада қысқа дайындық күшейіп, газ бағасы мың доллардан асты

Еуропада қысқа дайындық күшейіп, газ бағасы мың доллардан асты

|

|

МӘСКЕУ. 14 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Қысқы маусым жақындаған тұста Еуропа жерасты қоймаларындағы газ қорын жедел толықтыруға кірісті. Сұраныстың күрт артуы бағаны да көтеріп жіберді. Дүйсенбіде өңірдегі негізгі TTF хабында сауда басталғаннан кейін көп ұзамай газдың мың текше метрі 1015 долларға дейін қымбаттады.

Жаз ортасында Еуроодақтың энергетика нарығына қатысушылар мен реттеушілер қоймаларға газ айдауды асықпай, күзге дейін күте тұруға келіскен еді. Олар Парсы шығанағындағы жағдай тұрақталып, нарыққа сұйытылған табиғи газ (СТГ) көбірек түседі деп үміттенген. Алайда бұл болжам орындалмады. Соның салдарынан тамыздың соңғы онкүндігінен бастап Еуропа қоймалардағы қорды қарқынды толықтыра бастады. Бұл әлемдік нарықтағы газ бағасының өсуіне бірден әсер етті.

Gas Infrastructure Europe (GIE) дерегіне сәйкес, 12 қыркүйектің қорытындысында Еуропадағы жерасты қоймалары 68,04%-ға толды. Бұл – кейінгі бес жылдағы осы күнге тән орташа деңгейден 16,29 пайыздық тармаққа төмен.

Соңғы жеті күнде қоймаларға тәулігіне орта есеппен 228 млн текше метр газ қосылған. Бұл кейінгі бес жылдағы орташа көрсеткіштен 25,5%-ға көп.

Еуропа қоймаларындағы газ қорының деңгейі әлемдік газ нарығына тікелей ықпал ететін маңызды көрсеткіш саналады. Еуроодақтағы қоймалар жалпы 109 млрд текше метр газ сақтай алады. Ал сұйытылған табиғи газдың әлемдік нарығында Еуропа жиынтық есеппен ең ірі импорттаушыға айналды.

Gas Infrastructure Europe газ тасымалдау және сақтау, сондай-ақ СТГ саласында жұмыс істейтін операторларды біріктіреді. Ұйым жерасты газ қоймаларының жұмысын 2011 жылдан, ал СТГ қабылдау және оны қайтадан газ күйіне айналдыру көрсеткіштерін 2012 жылдан бері есепке алып келеді. Еуропаның газ саласында жаңа есептік тәулік Орталық Еуропа уақытымен таңғы сағат 06:00-де басталады.

Қазіргі ауа райы болжамына сәйкес, осы аптадағы орташа температура маусымдық қалыптан айтарлықтай ауытқымайды.

Газбен жұмыс істейтін электр станцияларына балама саналатын жел энергетикасының үлесі де әзірге былтырғыдан төмен. WindEurope мәліметінше, қыркүйек басталғалы жел электр станциялары өңірдегі электр энергиясына сұраныстың орта есеппен 16%-ын қамтамасыз етіп отыр. 2025 жылғы қыркүйекте бұл көрсеткіш 20% болған.

Жел электр станциялары үшін бұлтты әрі желді ауа райы қолайлы. Ал күн ашық әрі желсіз кезде олардың электр өндіру көлемі төмендейді. Мұндай күндер жазда аптап ыстықпен, қыста қатты аязбен қатар келуі мүмкін.

Болжам бойынша, 2026 жылғы қыркүйекте Еуропаға 7,7 млн тонна сұйытылған табиғи газ жеткізілуі мүмкін. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12%-ға аз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Финляндия Францияның ядролық тежеу бастамасына қосылды

Финляндия Франция ұсынған ядролық тежеу бастамасына қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ел президентінің кеңсесі мен Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Еуропа биржаларында индекстердің басым бөлігі төмендеді

Дүйсенбіде Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Тек Ұлыбритания нарығында өсім байқалды. Өңірдегі ірі компанияларды қамтитын Stoxx Europe 600 индексі Мәскеу уақытымен 12:49-да 0,3%-ға төмендеп, 637,19 тармақ болды.

Йемен билігі хуситтердің шабуылына Иранның «Кудс» күштерінің командирі көмектесті деп санайды

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) «Кудс» арнайы жасағы командирлерінің бірі, қаржы мәселелеріне жауапты Абдула Реза Шахлаи хуситтердің Йеменнің батыс жағалауындағы шабуылын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. Бұл туралы The National дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.