Евразия24ЖаңалықтарГермания Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

Германия Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

|

|

БЕРЛИН. 14 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Германия министрліктері Қытайға тәуелділіктен туындайтын негізгі тәуекелдерді саралап, оған қарсы қандай шара қолдануға болатынын қарастырып жатыр. Ұсыныстар қатарында жаңа кедендік баж енгізу, Қытаймен бірлескен кәсіпорын құру талабын белгілеу, инвестицияға бақылауды күшейту және экспортқа қойылатын шектеулерді қатаңдату бар.

Германия канцлерінің үкіметі бұл бастамаларды алдымен 14 қазанда министрлер кабинетінің мақұлдауына ұсынбақ. Одан кейін Берлин Еуроодақ елдерінің қолдауына ие болуды көздейді.

Дереккөздердің айтуынша, Германия бұл бағытта Франциямен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Қыркүйекте Қытаймен өтетін келіссөздер мен қазандағы ЕО саммиті қарсаңында Берлин мен Париж ортақ ұстаным әзірлеп, оны одаққа мүше мемлекеттерге ұсынуды жоспарлаған.

Bloomberg Германияның мұндай қадамға баруын Қытайға қатысты саясатының қатаңдай бастағанының белгісі деп бағалайды. Бұған дейін Берлин екі ел арасындағы сауда байланысының ауқымын және Германия экономикасының экспортқа тәуелділігін ескеріп, Бейжіңге қатысты шешімдерде барынша сақтық танытып келген.

Жоспарланған шаралардың бірі – Қытайға жасанды интеллект саласындағы озық технологиялар мен жартылай өткізгіш шығаруға қажетті жабдықтарды жеткізуге бақылауды күшейту. Берлин сондай-ақ Қытай компанияларының Германияға салатын инвестициясын қатаңырақ қадағалауды көздейді. Германиялық компаниялардың Қытайға инвестиция салуына да қосымша бақылау немесе шектеу енгізілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Германия билігі өнеркәсіп кәсіпорындарына қажетті шикізат пен материалдарды Қытайдан тыс елдерден жеткізудің балама жолдарын табуға немесе оларды ел ішінде өндіруге жағдай жасауды жоспарлап отыр. Bloomberg бұған вольфрам жеткізілімін мысал ретінде келтіреді.

Германия телекоммуникация саласында Қытайға тәуелділікті азайтуды бұған дейін-ақ бастаған. Байланыс операторлары 2026 жылдың соңына дейін 5G желілерінде Huawei Technologies және ZTE компанияларының аса маңызды жабдықтарын пайдалануды тоқтатуға тиіс. Бұл бағыттағы шектеулер алдағы уақытта да жалғасады.

Дереккөздердің мәліметінше, аталған шаралардың басым бөлігі Германияның экономикалық қауіпсіздік стратегиясына енгізіледі. Құжат биыл жыл соңына дейін жарияланбақ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.