Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАуыл мектептеріне жасанды интеллект енгізілмек

Ауыл мектептеріне жасанды интеллект енгізілмек

|

|

ҚР Үкіметінің мәліметінше, 2028 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан ауылдарындағы 2,6 мыңнан астам шағын жинақты мектеп жасанды интеллектіні енгізу жобасымен қамтылады. Қазір пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарының мектептерінде іске асырылып жатыр. Оқу үдерісі қашықтан оқыту технологиялары қолданылатын аралас форматта ұйымдастырылған. Педагогтер сабақты «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығындағы арнайы жабдықталған студиядан онлайн өткізеді. Ал ауыл мектептеріндегі мұғалімдер сабақ барысында оқушыларға материалды меңгеруге көмектеседі. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен оқу үдерісіне қаншалықты араласып отырғаны интерактивті кликерлер мен цифрлық құралдар арқылы бақыланады. Сонымен қатар педагогтерді, мектеп басшыларын және аудандық білім бөлімдерінің мамандарын даярлау жалғасады. Жасанды интеллект платформасының технологиялық инфрақұрылымы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ базасында орналастырылған. Оның жұмысына отандық суперкомпьютерлік кластердің есептеу қуаты пайдаланылады.

 

Еуразия24 пікірі:

Ауыл балаларына шалғайда тұрса да сапалы білім алуға мүмкіндік беру – құптарлық бастама. Қашықтан оқыту форматының өзі елді мекендердегі мұғалім тапшылығын белгілі бір деңгейде шешуге көмектеседі. Алайда мұндай жобаны іске асыру үшін ең алдымен шағын жинақты мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтап, тұрақты интернетпен қамтамасыз ету қажет. Цифрландыру және Оқу-ағарту министрліктері жобаны жүзеге асыруға қанша қаражат керегін есептегені анық. Бірақ мәселе қаржыда ғана емес. Қазақстанның шалғай ауылдарының біразында интернет байланысы әлі де тұрақты емес. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, «Қазір Қазақстанда 6096 ауылдық елді мекен бар. Оның 550-інде 3G, 4378-інде 4G желісі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 2606 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған». Бұл деректі Kazinform 2026 жылғы сәуірде жариялады. Осы материалда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің де сөзі келтірілген. Министрдің айтуынша, «2027 жылдың соңына дейін халықты интернетпен толық қамту, интернеттің орташа жылдамдығын 100 Мбит/с-тан асыру және ауылдық елді мекендердің 90%-ына талшықты-оптикалық желі жеткізу жоспарланып отыр». 2027 жылдың соңына дейін. Әзірге бұл – жоспар. Оның толық орындалатынына сенгіміз келеді. Ал орындалмай қалса ше? Өйткені Үкімет 2028 жылдың ортасына қарай 2,6 мың шағын жинақты мектепке жасанды интеллект пен қашықтан оқыту технологияларын енгізуді көздеп отыр. Бұл жерде екі көрсеткіш еріксіз назар  аудартады: қазір 2606 елді мекенге талшықты-оптикалық желі тартылған, ал алдағы уақытта 2,6 мың шағын жинақты мектеп цифрлық технологиялармен қамтылмақ. Бірақ аталған мектептердің дәл осы елді мекендерде орналасқан-орналаспағаны белгісіз.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы ФРЖ шешімі қарсаңында төмендеді

АҚШ-тың негізгі қор индекстері сейсенбі күнгі сауда-саттықты төмендеумен аяқтады. Бұған мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі және Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ақша-кредит саясатын қатаңдатады деген болжам әсер етті.

Түркия Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсетуге дайындалып жатыр

Түркия Мекке қорғаныс келісімі аясында Сауд Арабиясына әскери көмек көрсетуге дайындалып жатыр. Алайда Анкара Йемендегі хуситтермен тікелей соғыс қимылдарына араласуды жоспарламайды. Бұл туралы Middle East Eye дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Еурокомиссия басшысы Канадаға ЕО-ның алғашқы қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беруді ұсынды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канада мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, елге ЕО-ның қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беруді ұсынды.

Қазақстан делегациясын БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Сыртқы істер министрі бастап барады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы жоғары деңгейдегі апталығына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.