Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан бала құқықтары жөніндегі ұлттық баяндамасын Женевада таныстырды

Қазақстан бала құқықтары жөніндегі ұлттық баяндамасын Женевада таныстырды

|

|

ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды: «Қазақстан БҰҰ комитетіне балалардың құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларды таныстырды. Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі бесінші және алтыншы кезеңдік баяндамалары қаралды. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті мүшелерімен өткен диалог барысында қазақстандық делегация балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған негізгі заңнамалық және институционалдық өзгерістер туралы мәлімет берді. Қазақстан тарапы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл, психологиялық көмекті және «111» мемлекеттік байланыс орталығын дамыту бағытында қабылданып жатқан шараларды таныстырды. Сондай-ақ жетім балаларды отбасына орналастыру, инклюзивті білім беру, балалардың денсаулығын сақтау, олардың шешім қабылдауға қатысуы және цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. «Біз үшін тиімділіктің басты өлшемі – әрбір баланың жағдайының іс жүзінде жақсаруы. Қазақстан мазмұнды диалогке және балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға ашық», – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова».

 

Еуразия24 пікірі:

БҰҰ комитеті әзірге қорытынды тұжырымдарын жариялаған жоқ, өйткені 101-сессия әлі аяқталған жоқ. Дегенмен 16 қыркүйекте Қазақстанмен өткен диалогтың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның ресми шолуы жарияланды. Комитет Қазақстанның алдыңғы есепті қарау кезеңінен бері қол жеткізген ілгерілеуін атап өтті. Бала құқықтары туралы конвенция ережелерінің ұлттық заңнамаға енгізілуіне оң баға беріп, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылуы мен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» стратегиялық бағдарламасының қабылдануын құптады. Комитет төрағасы Софи Киладзе Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдану тәсіліне жеке тоқталды. Ол жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерді одан әрі пайдалануға шақырып, сонымен бірге олардың ықтимал тәуекелдеріне барынша жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті. Жалпы, қазақстандық делегация мен Комитет арасындағы диалогты мінсіз тапсырылған емтихан деу қиын. Сарапшылар өңірлер арасындағы теңсіздік, балалардың құқықтарын қорғау институттарының ресурстық мүмкіндіктері, мемлекеттік органдар жұмысының үйлестірілуі, зорлық-зомбылық және цифрлық ортадағы қауіп-қатерлер жөнінде бірқатар күрделі сауал қойды. Дегенмен Қазақстан бұл мәселелерді сырттан еске салмай-ақ мойындап, елде балалар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға күш салып келеді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Армениямен мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения басшылығын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.

Инфляцияны нысаналы деңгейге түсіру экономикаға ауыр тиеді

Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ұсыныс тарапынан жиілеп, ұзаққа созылып отырған күйзелістердің инфляцияны үдететін әсерін елеусіз қалдыра алмайды. Оған қарсы қабылданатын шаралар экономикаға ауыр тиюі мүмкін, деп мәлімдеді Чикаго Федералдық резерв банкінің (ФРБ) президенті Остан Гулсби.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты тұрақты

Дүйсенбідегі сауда барысында АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал иенаға шаққанда нығайып келеді.

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.