Евразия24Басты бетБіртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы

Біртұтас Еуропа енді еркін саудаға қарсы

|

|

Еуропалық одақтың Қытаймен сыртқы саудадағы тапшылығы тәулігіне 1 млрд еуроға жетті. Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық өндірушілерді қолдау қажеттігін мәлімдеді. Іс жүзінде бұл импортқа түрлі шектеулер енгізіп, кейбір тауарларды сырттан әкелуге тікелей тыйым салуды білдіреді. Сонда еркін сауда, бәсекеге қабілеттілік, реформалар мен ашық нарық қағидаттары қайда қалды?

Қазақстандық журналистердің арасында еуропалық дөңгелек үстелдерде, баспасөз конференциялары мен брифингтерде еркін нарық пен ашық шекараның артықшылықтары туралы талай мәрте естігендер аз емес. Ендеше не өзгерді?

Тарихқа көз жүгіртсек, Еуропаның қорғаныш баждары мен протекционизмнің зияны туралы әңгімесі көбіне өз тауарларын дамушы елдердің нарығына өткізу қажет болған кезде алға шығады. Ал еуропалық өндірушілер Қытайдың алып өнеркәсібімен бәсекеде кейін қала бастағанда, нарықтың «көрінбейтін қолы» тиімсіз тетік ретінде бірден шетке ысырылады.

Егер 2000-жылдары қазақстандық аудиторияға жиі айтылған әңгімелерді еске түсірсек, сол кездегі еуропалық өкілдердің өз сөзін бүгінгі Еуропа шенеуніктеріне қайтаруға болады: реформа жүргізіңіздер, бәсекеге қабілетті болыңыздар, сонда бәрі ойдағыдай болады. Ал нәтиже шықпаса, демек, маңдайға жазылғаны сол. Бәсекеге төтеп бере алмайтын өндірісті қолдап, ресурстардың тиімсіз жұмсалуына неге жол беру керек? Мұның өзі ілгерілеуге қайшы әрі дамуға кедергі емес пе?

Еуропалық шенеуніктер Қытайды «шамадан тыс өндірістік қуат қалыптастырды» деп айыптағанымен, өздерінің жіберген қателіктері туралы жақ ашпайтыны да назар аудартады. Кезінде ЕО өкілдері Қазақстанды жемқорлықпен күресуге, мемлекеттік органдардың жұмысын ашық жүргізуге, артық бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, басқару жүйесіндегі бірін-бірі қайталайтын міндеттерден арылуға шақыратын.

Енді сол талаптарды Еуропаның өзіне қоятын кез келді. Құрметті еуропалықтар, шектен тыс салықтарыңыз бен оларды жинаудың тым күрделі жүйесін қайта қараңыздар. Құжат айналымы орасан зор, шенеуніктері қаптаған алып аппаратты ықшамдаңыздар. Толыққанды атом энергетикасына қайта оралыңыздар. Бұл әсіресе бейбіт атомнан да, Ресейдің арзан энергия ресурстарынан да айырылған Германия үшін маңызды. Сондай-ақ тікелей және жанама түрде жүздеген миллиард еуро жұмсалған геосаяси авантюраларға араласпаған жөн.

Негізінде, Еуропалық одақтың Қытаймен саудасында тапшылық көп жылдан бері бар. Бастапқыда оның тәуліктік көлемі ондаған миллион еуромен есептелсе, кейін жүздеген миллионға жетті, енді миллиардтаған еуроға ұласып отыр. Алайда жаһандық экономика жағдайында Еуропа мен Қытай арасындағы сауданы әлемдегі басқа үдерістерден бөліп қарау мүмкін емес.

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғыс бастағаннан кейін Ормуз бұғазы жабылды. Қазір Тегеранның одақтастары – хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазында да осыған ұқсас әрекетке көшті. Мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізіліміндегі ұзаққа созылған іркілістер Қытайда өндірілетін күн панельдеріне, жел турбиналарына, энергия жинақтау жүйелері мен түрлі аккумуляторларға сұранысты күрт арттырды. Бұл нарықта Қытай өнімдерінің алға шығуына баға мен сапаның тиімді арақатынасы, сондай-ақ күрт өскен сұранысты қысқа мерзімде қамтамасыз ете алатын қуатты өндірістік әлеуеті мүмкіндік берді.

Еуропалық державалар ғасырлар бойы табиғи ресурстарға аса бай Африка құрлығын тонады. Қытай бұл қалыптасқан тәртіпті өзгертіп, жергілікті үкіметтерге әлдеқайда тиімді инфрақұрылымдық жобалар мен өндіріс орындарын ұсына бастады. Таяу Шығыстағы соғыс аяқталғаннан кейін бұл өңірге де алғашқылардың бірі болып Қытай компаниялары келеді деген болжам бар. Өйткені олардың ұсыныстары тиімдірек әрі өзге елдердің ішкі ісіне араласпау қағидатын ұстанады.

Батыс саясаткерлерінің жағдайға қарай ұстанымын әп-сәтте өзгертуі таңсық емес. Қазіргі жағдайдың қызығы да осында: бір буын ауысып үлгермей жатып, сол тұлғалардың кешегі айтқаны мен бүгінгі сөзі мүлде басқа арнаға бұрылды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.

Жұма күні Еуропаның қор нарықтарында индекстер төмендеп жатыр

Жұма күні Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар жарияланған статистикалық деректер мен компаниялардың қаржылық есептерін саралауда.