Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Жамбыл облысында Fufeng Group-пен бірлескен жүгеріні терең өңдеу зауытының іске қосылуына...

Тоқаев Жамбыл облысында Fufeng Group-пен бірлескен жүгеріні терең өңдеу зауытының іске қосылуына қатысты

|

|

Астана. 25 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк құрылысының басталуына қатысты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жобаны биоферментация саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі – қытайлық Fufeng Group жүзеге асырып жатыр.

Бірінші кезеңде өндірістік кешенді құруға 350 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдейді.

Екінші кезеңде кәсіпорынның қуатын жылына 3 млн тонна жүгеріге дейін жеткізіп, шығарылатын өнім түрлерін көбейту көзделген. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 млрд долларды құрайды.

Өнеркәсіптік парк іске қосылғаннан кейін шамамен 1,5 мың жұмыс орны ашылып, Қазақстанда астықты терең өңдеудің толық өндірістік циклі қалыптасады.

Бұған дейін жүгеріні терең өңдеуге маманданған қытайлық Fufeng Group компаниясының өнеркәсіптік паркі 2025 жылдың көктемінде салына бастағаны хабарланған.

Жоба Шу ауданында, Jibek Joly арнайы экономикалық аймағына (АЭА) жақын жерде жүзеге асырылып жатыр. Ол Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналады деп күтілуде.

Жоба аясында крахмал қанты өндірілетін зауыт, аминқышқылдарын өндіретін үш ферментациялық кәсіпорын және ағын суды тазарту станциясы салынады. Кейін тұз қышқылы мен сұйық аммиак өндірісін жолға қою жоспарланған.

Кәсіпорында лизин, натрий глутаматы, ксантан шайыры және мал азығына арналған аминқышқылдары да шығарылады. Kazakh Invest мәліметінше, бұл өнімдердің бағасы бастапқы шикізат құнынан 10–15 есе жоғары.

Өнімдер Еуропалық одақ, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне экспортталады.

Fufeng Group Company Limited – Қытайдағы биоферментация өнімдерін шығаратын ірі компания. Ол тағамдық қоспалар, дәм күшейткіштер, тәттілендіргіштер, дәмдеуіштер, сондай-ақ аминқышқылдары, құрама жем, тыңайтқыштар, косметикалық және фармацевтикалық өнімдер өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Компания натрий глутаматы, ксантан шайыры, глюкоза және фруктозаны қоса алғанда, 50-ден астам негізгі өнім түрін шығарады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бразилияда Трампты елді «отарлауға» ұмтылып отыр деп айыптады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваның сайлауалды штабы АҚШ президенті Дональд Трампты оңшыл кандидат Флавиу Болсонаруды қолдау арқылы Бразилияны отарлауға әрекет жасап отыр деп айыптаған бейнеролик жариялады. Бұл туралы жұма күні The Guardian хабарлады.

Польша 10 мыңға дейін АҚШ әскерін тұрақты орналастыруға дайын

Польша өз аумағында 10 мыңға дейін АҚШ әскери қызметшісін тұрақты негізде орналастыруға дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский мәлімдеді.

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың Common History Destiny бағдарламасын іске қосуды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan бағдарламасын іске қосуды ұсынды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Тоқаев Қазақстан-Қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізуді ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай инвестициялық форумын жыл сайын қыркүйек айында өткізуді ұсынды