Евразия24ЖаңалықтарАҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирактағы миссиясын аяқтайды

АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирактағы миссиясын аяқтайды

|

|

Дубай. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ, РФ аумағында тыйым салынған) террористік тобына қарсы он жылдан астам уақытқа созылған миссиясы сәрсенбі күні аяқталады, деп хабарлады «Әл-Арабия».

2024 жылы Бағдад пен Вашингтон АҚШ бастаған коалицияның миссиясын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқтау жөнінде келісімге келген. Осы уақыт ішінде коалиция Ирактағы әскери базалардан күштерін кезең-кезеңімен шығарып, негізгі әскери қатысуын Ирак Күрдістанымен шектеді. Дегенмен Бағдад қорғаныс саласында серіктес елдермен екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін білдірген. Ал The National басылымының жазуынша, Ирак Күрдістаны билігінің өкілдері коалиция күштерін елден шығаруға асықпау керек деп есептеген.

Коалиция миссиясы 2014 жылы басталды. «Әл-Арабия» мәліметінше, ИМ күштері Иракта 2017 жылы, Сирияда 2019 жылы талқандалды. Алайда коалиция әскері содан кейін де топтың қалған жасақтарына қарсы күресті жалғастырды. Пентагон дерегі бойынша, осы уақыт ішінде 123 америкалық әскери қызметші қаза тауып, ИМ-нің 80 мыңнан астам мүшесі жойылған.

Кейін өңірдегі шиеленіс күшейіп, әсіресе 2026 жылғы ақпанда АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғаннан кейін коалиция күштері Ирактағы Иранды қолдайтын қарулы топтардың негізгі нысанасына айналды.

Ирактың жаңа премьер-министрі Әли әз-Заиди бұған дейін үкімет бақылауына бағынбайтын қарулы топтар да 30 қыркүйекке дейін қарусыздануға тиіс екенін мәлімдеген. Алайда кейін бұл мерзімді кейінге шегеруге тура келді. Өз кезегінде ықпалды шииттік «Катаиб Хезболла» қарулы тобы шетелдік әскердің Ирактан шығарылуын құптады. Сонымен бірге топ Ирак үкіметі халықтың мүддесіне сай әрекет етпесе, оған қарсы шара қолданатынын мәлімдеді.

Әз-Заиди сондай-ақ 1 қазанды Тәуелсіздік күні мерекесі деп жариялады. Оның айтуынша, бұл күн «Ирактың егемендікке қол жеткізу жолының аяқталуын, мемлекет пен оның институттарының нығаюын» білдіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Оңтүстік Кореядан басқа Азия елдерінің қор индекстері өсіп жатыр

Сәрсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі өсіп жатыр.

Пентагон Boeing компаниясымен алтыншы буын жойғыш ұшағын шығару жөнінде келісімшарт жасасты

АҚШ Қорғаныс министрлігі Boeing Co. компаниясымен алтыншы буындағы F/A-XX палубалық стелс-жойғыштарын өндіруге $20 млрд-тың келісімшартын жасасқанын хабарлады. 2030 жылдардан бастап бұл ұшақтар АҚШ авианосецтерінің қару-жарағына енгізіледі.

АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары ЖИ-ді бақылау жөнінде келісімге келді

АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) әзірлейтін жетекші компаниялардың басшылары Ақ үйде ЖИ модельдеріне ішкі бақылауды күшейту жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Ресей ЕАЭО елдеріне қолма-қол ақша тасымалдауды шектейді

«Ресей президенті Владимир Путин елден қолма-қол рубль алып шығу тәртібін қатаңдататын жарлыққа қол қойды. Жаңа талаптар ЕАЭО елдеріне – Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанға, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға баратын азаматтарға қатысты.