Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Кореядан басқа Азия елдерінің қор индекстері өсіп жатыр

Оңтүстік Кореядан басқа Азия елдерінің қор индекстері өсіп жатыр

|

|

Токио. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сәрсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі өсіп жатыр.

Мәскеу уақытымен 8:34-тегі мәлімет бойынша, жапониялық Nikkei 225 индексі 2,1%-ға көтерілді. Бұған жасанды интеллект саласына қатысы бар компаниялар акцияларының қымбаттауы ықпал етті. Бұдан бөлек, бір күн бұрын мұнай бағасының төмендеуі де нарыққа оң әсерін тигізді.

«Бүгінгі саудада технологиялық компаниялардың акцияларымен қатар, экономикалық ахуалға тәуелді компаниялардың бағалы қағаздары да қымбаттап жатыр», – деді Daiwa Securities аға сарапшысы Дайсукэ Хасидзумэ.

SoftBank Group инвестициялық-технологиялық компаниясының нарықтық құны 6,8%-ға өсті. Жартылай өткізгіш өндірушілердің акциялары да қымбаттады: Sumco Corp. – 8,3%-ға, Tokyo Electron – 2,6%-ға, Kioxia – 1,5%-ға, Advantest – 0,2%-ға.

Жасанды интеллект серверлеріндегі электр қуатын реттеуге арналған конденсаторлар шығаратын Taiyo Yuden компаниясының акциялары 2,4%-ға қымбаттады. Бұған компанияның электрондық компоненттер өндіруші TDK-мен іскерлік әріптестік орнатқаны туралы хабар әсер етті. TDK акцияларының бағасы 2,5%-ға өсті.

Toyota, Nissan және Honda автокөлік өндірушілерінің акциялары тиісінше 1,4%, 0,5% және 1%-ға қымбаттады. Fast Retailing және Seven & I Holdings сауда желілерінің акциялары 3,3% және 1,5%-ға, Sony электроника өндірушісінің акциялары 1,2%-ға, Shiseido косметика компаниясының акциялары 1,7%-ға өсті.

Қаржы секторындағы компаниялардың да акциялары қымбаттады. Mizuho Financial Group акциялары 4,2%-ға, Sumitomo Mitsui Financial Group – 3,2%-ға, Mitsubishi UFJ Financial Group – 1%-ға өсті.

Мәскеу уақытымен 8:33-те Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,4%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 0,1%-ға көтерілді.

Қытайдың статистика басқармасының мәліметінше, тамызда елдің өңдеу өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі (PMI) шілдедегі 49,8 тармақтан 50,1 тармаққа дейін өсті. Trading Economics дерегі бойынша, сарапшылар да көрсеткіштің осы деңгейге дейін көтерілуін күткен.

PMI көрсеткішінің 50 тармақтан жоғары болуы сектордағы белсенділіктің артқанын, ал одан төмен болуы белсенділіктің бәсеңдегенін білдіреді. Индекс соңғы үш айда алғаш рет 50 тармақтан асты.

Hang Seng құрамында CSPC Pharmaceutical және Hansoh Pharmaceutical фармацевтикалық компанияларының акциялары ең көп өсіп, тиісінше 6,4% және 5%-ға қымбаттады.

Meituan интернет-компаниясының акциялары 2%-ға, Li Auto электромобиль өндірушісінің акциялары 0,7%-ға, Laopu Gold алтын өндіруші компаниясының акциялары 0,9%-ға, JD.com интернет-ритейлерінің акциялары 1,1%-ға өсті.

Ал Hua Hong Grace Semiconductor және Semiconductor Manufacturing International Corp. чип өндірушілерінің акциялары тиісінше 3,1% және 2,9%-ға арзандады. PetroChina акциялары 1%-ға, Netease – 0,6%-ға, Geely – 2,1%-ға, Pop Mart International Group – 2,1%-ға төмендеді.

Мәскеу уақытымен 8:28-де Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,6%-ға төмендеді.

Әлемдегі ірі чип және смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics акциялары 1,4%-ға, KB Financial Group – 2,9%-ға, Hyundai Motor – 1,3%-ға арзандады.

Сонымен қатар Posco болат өндірушісінің акциялары 0,6%-ға, SK Hynix чип өндірушісінің акциялары 1%-ға, Korea Zinc түсті металл өндірушісінің акциялары 0,1%-ға қымбаттады.

Австралияның S&P/ASX 200 индексі 1%-ға өсті.

Әлемдегі ірі тау-кен компаниялары BHP мен Rio Tinto-ның нарықтық құны тиісінше 0,7% және 1,6%-ға артты.

Santos және Woodside Energy мұнай өндірушілерінің акциялары да тиісінше 1,4% және 1%-ға қымбаттады.

Ал уран өндіруші Boss Energy және Deep Yellow компанияларының акциялары күрт арзандап, сәйкесінше 9,7% және 4,1%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пентагон Boeing компаниясымен алтыншы буын жойғыш ұшағын шығару жөнінде келісімшарт жасасты

АҚШ Қорғаныс министрлігі Boeing Co. компаниясымен алтыншы буындағы F/A-XX палубалық стелс-жойғыштарын өндіруге $20 млрд-тың келісімшартын жасасқанын хабарлады. 2030 жылдардан бастап бұл ұшақтар АҚШ авианосецтерінің қару-жарағына енгізіледі.

АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары ЖИ-ді бақылау жөнінде келісімге келді

АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) әзірлейтін жетекші компаниялардың басшылары Ақ үйде ЖИ модельдеріне ішкі бақылауды күшейту жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Ресей ЕАЭО елдеріне қолма-қол ақша тасымалдауды шектейді

«Ресей президенті Владимир Путин елден қолма-қол рубль алып шығу тәртібін қатаңдататын жарлыққа қол қойды. Жаңа талаптар ЕАЭО елдеріне – Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанға, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға баратын азаматтарға қатысты.

Мобильді аударымдардың шекті сомасы ұлғаюы мүмкін

«Қазақстанда банктер арасындағы мобильді аударымдардың шекті сомасын 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр