Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Иран тарапынан төнген қауіпке байланысты B-1B бомбалаушы ұшақтарын Ұлыбританиядан әкетті

АҚШ Иран тарапынан төнген қауіпке байланысты B-1B бомбалаушы ұшақтарын Ұлыбританиядан әкетті

|

|

Вашингтон. 6 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасауы мүмкін деген ақпараттан кейін Ұлыбританиядағы Фэрфорд әуе базасында тұрған B-1B Lancer бомбалаушы ұшақтарының барлығын басқа жерге ауыстырды. Бұл туралы The Wall Street Journal ақпараттан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Олардың мәліметінше, Тегеран бомбалаушы ұшақтарға соққы беріп, Фэрфордтағы Ұлыбритания Корольдік әуе күштері базасында орналасқан бірнеше жүз америкалық әскери қызметшіні нысанаға алуды жоспарлаған.

The New York Times басылымына аты-жөнін атамаған шенеуніктердің айтуынша, жоспарланған шабуылдың тәсілі былтыр Украина Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып жасаған операцияға ішінара ұқсас болған. Сол кезде Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылған еді.

Ал Axios порталы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, қыркүйектің ортасында АҚШ әскери басшылығына америкалық және басқа да Батыс барлау қызметтерінен Фэрфорд әуе базасына Иранның қолдауымен шабуыл жасалуы мүмкін деген ескерту түскенін хабарлады.

Осы ақпараттан кейін Еуропадағы ресми тұлғалардың алаңдаушылығы күрт күшейген.

Қыркүйектің соңында Фэрфорд әуе базасының маңында полиция теракт дайындады деген күдікпен Ұлыбританияның бес азаматын ұстаған. Тергеу барысында олардың база маңында тұрған фургондарынан жарылғыш зат табылған жоқ. Кейін күдіктілердің барлығы кепілмен босатылды.

АҚШ өкілдерінің айтуынша, ұсталғандардың болжанып отырған дрон шабуылына қатысы бар-жоғы немесе олардың басқа әрекетке дайындалғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Ұлыбританиядағы Фэрфорд әуе базасында тұрған 12 B-1B Lancer стратегиялық бомбалаушы ұшағының барлығы жексенбі күні базадан ұшып шығып, АҚШ-тың құрлықтағы тұрақты орналасу орындарына кеткені хабарланған.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс дүйсенбі күні Пентагон бомбалаушы ұшақтарды «сақтық шарасы ретінде, біздің жігіттерді қорғау үшін» жедел көшіргенін мәлімдеді.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін журналистерге ұшақтарды қайта орналастыру АҚШ Әуе күштерінің әлем бойынша жүргізетін «жоспарлы ротациясының» бір бөлігі екенін және Ираннан төнген қауіппен тікелей байланысты емес екенін айтқан.

Алайда бірнеше сағаттан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп бомбалаушы ұшақтардың қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты көшірілгенін мәлімдеді.

«Олар ол жерден бекерден-бекер кеткен жоқ… Қауіп төнді. (…) Мұндай жағдайда оларды сол жерде қалдырудың мәні не? Сондықтан қауіпсіздеу жерге ауыстырдық. Бірақ алысқа емес», – деді ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мұнай бағасы қайта көтерілді: Brent $101-ге жуықтады

Мұнай бағасы сейсенбі таңертең қайта өсе бастады. Бұған дейінгі сессияда Таяу Шығыстан отын жеткізу көлемінің артқаны туралы мәліметтер әсерінен баға едәуір төмендеген еді.

Үндістандық SAIL Моңғолиядан көмірдің сынақ партиясын әуе жолымен жеткізді

Үндістанның мемлекеттік Steel Authority of India Limited (SAIL) корпорациясы кокстелетін көмір жеткізілетін елдер қатарын кеңейту мақсатында Моңғолиядан көмірдің сынақ партиясын әуе жолымен импорттады.

Дүниежүзілік банк: 2026 жылы Тәжікстан экономикасының өсімі 6,5%-ға дейін баяулайды

Дүниежүзілік банктің болжамынша, Тәжікстан экономикасының өсімі 2025 жылғы 8,4%-дан 2026 жылы 6,5%-ға дейін төмендейді. Бұған елге келетін ақша аударымдарының азаюы және түсті металдар экспорты қарқынының бәсеңдеуі әсер етеді.

Қорғаныс министрлігіндегі тексеруден кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

24 қыркүйекте Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты тергеудің алдын ала қорытындылары әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктерге жол берілгенін және бұрынғы басшылық тарапынан тиісті бақылау болмағанын көрсетіп отыр.