Мәскеу. 6 қазан. ИНТЕРФАКС – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша негізінен өсті. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі өсім, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің қалпына келе бастауы және жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй ықпал етті.
Қытайдың материктік бөлігіндегі биржалар ҚХР-дың құрылған күніне арналған мерекелерге байланысты жабық болды.
Гонконгтың Hang Seng индексі 1%-ға өсті. Индекс құрамында J&T Global Express пен BYD Electronic (International) Co. Ltd. акциялары ең көп қымбаттап, 5%-ға көтерілді.
Wuxi Biologics компаниясының нарықтық құны 4,5%-ға, Sino Biopharmaceutical – 4,3%-ға, Sunny Optical Technology Group – 3,5%-ға, Baidu Inc. – 3,3%-ға артты.
Ал Anta Sports Products акциялары 2,5%-ға, Nongfu Spring мен Hua Hong Grace Semiconductor – 1,6%-ға, Lenovo – 1,5%-ға, China Life Insurance Co. – 0,9%-ға арзандады.
Жапонияның Nikkei 225 индексі иенаның әлсіреуінен экспорттаушы компанияларға қолайлы жағдай қалыптасып, 1,1%-ға өсті.
Japan Today басылымының жазуынша, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити бір күн бұрын парламентте сөйлеген сөзінде азық-түлікке салынатын тұтыну салығын төмендетуге және жаңа мемлекеттік облигациялар шығармай-ақ ішкі инвестицияны ынталандыруға уәде берді. Оның айтуынша, Үкімет жыл соңына дейін инвестицияны қолдауға арналған бес жылдық жоспар әзірлейді. Ал азық-түлікке салынатын салық 2027 жылғы сәуірден бастап екі жылға 8%-дан 1%-ға дейін төмендетілмек. Сонымен бірге табысы төмен және орташа азаматтарға қаржылай қолдау көрсету шаралары да қарастырылып отыр.
Nikkei 225 құрамында Taiyo Yuden акциялары ең көп қымбаттап, 6,2%-ға өсті.
TDK акциялары 5,3%-ға, Mitsui Kinzoku мен Advantest – 3,9%-ға, Fujikura – 5,2%-ға көтерілді.
SoftBank Group Corp. акциялары 3,1%-ға, NEXON – 2,7%-ға, Mitsubishi Heavy Industries пен Sharp – 2,2%-ға, Shiseido – 1,7%-ға арзандады.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,9%-ға төмендеді. Дүйсенбі күні елдегі биржалар мерекеге байланысты жұмыс істемеген.
SK Hynix акциялары 3,7%-ға, Samsung Electronics – 1,5%-ға арзандады.
Hyundai Motor акциялары 0,4%-ға, Korean Air Lines – 1,8%-ға, Posco – 2,3%-ға өсті.
Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,5%-ға көтерілді.
Westpac пен Мельбурн институтының мәліметінше, Австралияда тұтынушылардың экономикаға деген сенім индексі қазанда алдыңғы аймен салыстырғанда 4,7%-ға төмендеп, 80,4 тармақ болды. Бұл – соңғы алты айдағы ең төмен көрсеткіш. Индекс екінші ай қатарынан төмендеп отыр.
BHP акциялары 1,6%-ға, Rio Tinto – 1,1%-ға қымбаттады.




