Токио. 10 қараша. ИНТЕРФАКС – Сейсенбіде Уолл-стриттегі өсімнен кейін Азия-Тынық мұхиты аймағының қор индекстері де көтерілді.
Иранға қатысты жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерде ілгерілеу барын аңғартқан хабарлар мұнай бағасының төмендеуіне ықпал етті. Соның нәтижесінде әлемдік нарықтарда инвесторлардың тәуекелге баруға дайындығы артты. Трейдерлер жақында жаппай сатылым кезінде арзандаған технологиялық компаниялардың акцияларына да көбірек қызығушылық таныта бастады.
Жапонияның Nikkei 225 индексі сауда барысында 2,6%-ға көтерілді. Токиода жартылай өткізгіш саласындағы компаниялардың акциялары айтарлықтай қымбаттады. Атап айтқанда, SoftBank Group акциялары 14,4%-ға, Kioxia Holdings – 7,4%-ға, Tokyo Electron – 6,1%-ға, Advantest – 3,4%-ға өсті.
Банк акциялары да едәуір қымбаттады. Mitsubishi UFJ акциялары 2,4%-ға, Mizuho Financial акциялары 4,7%-ға көтерілді.
Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,1%-ға өсті.
Қытай Бас кеден басқармасының сейсенбіде жариялаған деректеріне сәйкес, қазанда ел экспорты жылдық есеппен 35,2%-ға артып, 412,33 млрд долларға жетті. Импорт 41,6%-ға ұлғайып, 307,05 млрд долларды құрады. Бұл – импорттың 2021 жылғы мамырдан бергі ең жоғары өсімі. Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар экспорт орта есеппен 33,5%-ға, импорт 32%-ға артады деп болжаған еді.
Қазанда Қытайдың сыртқы сауда профициті 105,28 млрд доллар болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 88 млрд долларды құраған. Биылғы он айда профицит 1 трлн доллардан асты.
Биотехнологиялық WuXi AppTec компаниясының акциялары 0,5%-ға қымбаттады. Бір күн бұрын Пентагонның оны Қытайдың қорғаныс секторымен байланысы бар ұйымдардың «қара тізімінен» шығарғаны белгілі болды.
Сейсенбіде Шанхайда ең жоғары өсім көрсеткендердің қатарында Suzhou Veichi Electric (+10,2%), Jinbei Automotive (+10%) және Yibin Paper Industry (+10%) акциялары бар. Ал ең көп арзандағандар – PetroChina (-6,4%), Cosco Shipping Energy (-4,9%) және China Oilfield Services (-4,4%) акциялары.
Гонконгтің Hang Seng индексі 0,4%-ға көтерілді. Sunny Optical Technology (+4,6%), Semiconductor Manufacturing International (+4,2%), Lenovo (+3,7%) және HSBC Holdings (+3%) акциялары айтарлықтай қымбаттады. Ал PetroChina (-4,1%), Alibaba Group Holding (SPB: BABA) (-3,3%) және CNOOC (-3%) акциялары арзандады.
Samsung Electronics (+4,5%), SK Hynix (+6,8%) және LG Energy Solution (+3,9%) акцияларының қымбаттауымен қатар Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі 4%-ға өсті.
Тау-кен компаниялары акцияларының қымбаттауы аясында Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 1,2%-ға көтерілді. BHP Group компаниясының нарықтық құны 1,1%-ға, Rio Tinto – 0,4%-ға, Northern Star Resources – 3%-ға, Evolution Mining – 2,1%-ға артты.




