Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәлімдеді: «Жамбыл облысының Тараз қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда алған жарақаттарынан қайтыс болған Қызыл армияның 72 белгісіз жауынгері жерленген орынға орнатылған ескерткіш белгісінің қорлануы бізді қатты алаңдатып, наразылығымызды туғызды. Біз бұл оқиғаны жай ғана вандализм әрекеті емес, Ресей мен Қазақстанға ортақ батырлардың рухына тағзым етуге арналған ескерткішті қорлау, қазақстандық қоғамда алауыздық туғызу және елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарға нұқсан келтіру мақсатында жасалған саяси экстремистік әрекет деп бағалаймыз. Біздің халықтарымыз нацизмге қарсы иық тіресе шайқасып, майдан даласында ерлік көрсетіп, тылда жанқиярлықпен еңбек етті. Өмір сүру, еркіндік пен адамдық қадір-қасиетті сақтау құқығын қорғады. Қазақстан тарапы бұл арсыз арандатушылыққа құқықтық, саяси және адамгершілік тұрғысынан тиісті баға береді деп сенеміз. Осы қылмысты жасағандар мен оны ұйымдастыруға түрткі болған адамдарды қысқа мерзімде анықтап, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жазалауға шақырамыз».
Еуразя24 пікірі:
Бұзылған мемориалдық кешен ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 15 қазанда, яғни бір айдан сәл астам уақыт бұрын ғана ашылған еді. Қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдіктерінің қолдауымен Ресей тарапының қаражатына жүргізілген.
Қазақстан тарапының бұл вандализм әрекетіне қатысты шара қабылдағаны белгілі болды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық нота алғанын растады. Жамбыл облысының полициясы қылмыстық іс қозғады, ал жергілікті билік өкілдері мемориалды қалпына келтіруге уәде берді. Сонымен қатар, ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдірашов мұндай вандализм әрекеттеріне жол беруге болмайтынын ерекше атап өтті.
Әзірге ескерткішті қорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда бұл Ресейдің Қазақстандағы елшілігі өз мәлімдемесінде атап көрсеткен саяси экстремизм әрекетімен бірдей емес.




