Евразия24ЖаңалықтарИран Исфахандағы ядролық кешеннен 60 шақырым жерде жерасты нысанын қарқынды салып жатыр

Иран Исфахандағы ядролық кешеннен 60 шақырым жерде жерасты нысанын қарқынды салып жатыр

|

|

Иерусалим. 26 қараша. ИНТЕРФАКС – Иран билігі елдің орталық бөлігіндегі Бехджатабад елді мекеніне жақын таулы аймақта жерасты нысанының құрылысын жедел жүргізіп жатыр. Бұл туралы бейсенбі күні The Jerusalem Post газеті Вашингтонда орналасқан үкіметтік емес Institute for Science and International Security ұйымының мәліметіне сүйеніп хабарлады.

Vantor Technologies компаниясының спутниктік суреттеріне қарағанда, құрылыс жұмыстары 2025 жылғы желтоқсанның басында басталған болуы мүмкін.

Жерасты кешені Исфахандағы ядролық нысаннан шамамен 62 шақырым жерде орналасқан. Натанз маңындағы Кух-е Коланг тауынан да арақашықтығы осындай. Ағылшын тілінде Пикакс деп аталатын бұл таудың астында да ядролық нысан бар екенін АҚШ билігі мәлімдеген.

Ұйым мамандары Иран аумағында осыған ұқсас нысандар көп болғанымен, бұл құрылыстың ерекше жылдамдықпен жүргізіліп жатқанына мән берді. Алайда кешеннің нақты қандай мақсатта пайдаланылатыны әзірге белгісіз.

Құрылыс қарқынын, нысан аумағындағы қауіпсіздік шараларын және Иран билігінің бұған дейінгі әрекеттерін ескерген ұйым сарапшылары кешен елдің зымыран бағдарламасына қатысты болуы мүмкін деп болжайды. Сонымен қатар, оның Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты болуы да жоққа шығарылмайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты, 5,9 мың адам қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эбола вирусын жұқтырудың 12 мыңнан астам жағдайы расталды. Індеттен 5,9 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы бейсенбі күні ел билігінің мәліметіне сүйенген EFE ақпарат агенттігі хабарлады.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа инженерлік шешімдер енгізуге және бірлескен өндірістер ашуға мүдделі – Бектенов

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізіп, шетелдік инвесторлармен «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия энергетикалық сусындарға тыйым салуды ұсынды

Қазақстанда 2025 жылғы қаңтардан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынды. Ал биылғы қаңтардан бастап бұл өнімдерге акциз салығы енгізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, мәселенің ауқымы ұлғайып келеді.

Кәмелетке толмағандарға донор болуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда қан ауруларының ауыр түрлеріне, соның ішінде лейкозға шалдыққан науқастарға қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялау мүмкіндігін кеңейту ұсынылып отыр. Ерекше жағдайларда медициналық көрсеткіштері сәйкес келген науқастардың кәмелетке толмаған бауырлары да донор бола алады.