Евразия24Жаңалықтар«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа инженерлік шешімдер енгізуге және бірлескен өндірістер ашуға...

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жаңа инженерлік шешімдер енгізуге және бірлескен өндірістер ашуға мүдделі – Бектенов

|

|

Астана. 26 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізіп, шетелдік инвесторлармен «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында ел инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртудың стратегиялық бағытын айқындағанын еске салды. Бұл жұмыста «Халықтық құрылыс» бағдарламасына басты мән беріліп отыр.

«Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымы мен маңызы жекелеген нысандардың құрылысынан әлдеқайда кең. Шын мәнінде, Қазақстан экономикасының алдағы ондаған жыл бойы тұрақты дамуына негіз қаланып жатыр. Осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру халықаралық серіктестер үшін де кең мүмкіндіктер ашады», – деді Бектенов.

Ол Қазақстанның озық инженерлік шешімдерді, құрылыстың заманауи стандарттары мен тиімді басқару тәжірибесін енгізуге мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар, экспортқа шығу мүмкіндігі бар құрылыс материалдарын, жабдықтар мен олардың бөлшектерін бірлесіп өндіруге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкімет инвестиция тарту және инвесторларға қолдау көрсету жүйесін жаңартып жатыр. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі негізінде инвесторлармен жұмысты бірыңғай үйлестіру көзделген. Сондай-ақ Kazakh Invest ұлттық компаниясын холдинг құрамына беру және инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай фронт-офис құру жоспарланып отыр.

Бұл өзгерістер инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетуге және инвесторлардың қаржыландыру құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ал Сыртқы істер министрлігі шетелдік компанияларды Қазақстанға тарту жұмысын халықаралық деңгейде жалғастырады.

Отырыста инвестициялардың құқықтық қорғалуына да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алатау қаласында халықаралық озық тәжірибеге негізделген инвестициялық сот құру жөніндегі бастамасы талқыланды.

«Халықтық құрылыс» – Қазақстанның инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға арналған бағдарлама. Оның басталатынын Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған болатын.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланған. Ал 2027 жыл Қазақстанда Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы болып жарияланды.

26 қарашадағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 458,57 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия энергетикалық сусындарға тыйым салуды ұсынды

Қазақстанда 2025 жылғы қаңтардан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынды. Ал биылғы қаңтардан бастап бұл өнімдерге акциз салығы енгізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, мәселенің ауқымы ұлғайып келеді.

Кәмелетке толмағандарға донор болуға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда қан ауруларының ауыр түрлеріне, соның ішінде лейкозға шалдыққан науқастарға қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялау мүмкіндігін кеңейту ұсынылып отыр. Ерекше жағдайларда медициналық көрсеткіштері сәйкес келген науқастардың кәмелетке толмаған бауырлары да донор бола алады.

Алтынға сұраныс қайтадан артты

 Алтынның бір унциясының (31,1 грамм) бағасы 3,5 мың долларға жақындаған сайын құйма алтынға сұраныс күрт артты. Әсіресе Азия елдерінде алтынға қызығушылық жоғары. Дегенмен Америка да қалыс қалып отырған жоқ. Акциялар мен биржада саудаланатын шикізат тауарлары арзандаған тұста нарықта алтын сатып алушылар да, оны сатушылар да көбейді. Бұл екі топтың әрекет ету себептері әртүрлі болғанымен, олардың саудасы бір-бірімен тығыз байланысты және бір нарықтық үдерістің екі жағын құрайды.

Ұлттық компанияның тағы бір жоғары лауазымды басшысы ұсталды

2026 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да тұлғаларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.