Евразия24Еуразия патриоттарыТәуелсіз шешім қабылдау — әр мемлекеттің құқығы

Тәуелсіз шешім қабылдау — әр мемлекеттің құқығы

|

|

«Аргументы и факты» басылымы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевқа қазақстандықтар үшін Ресейге кіру ережелерінің өзгеруіне қатысты ең өзекті сауалды жолдады.

«Кейбір отандастарымыз үшін Ресейге кірудің жаңа рәсімдері күтпеген жаңалық болды. Қазақстан азаматтары Ресейге түрлі мақсатпен жиі қатынайды — бизнес, туризм, емделу. Әсіресе шекара маңындағы өңірлер арасындағы байланыс қарқынды. Дегенмен, шетел азаматтарының елге кіруі, ел аумағында болу тәртібі және жалпы көші-қон саясаты — әр мемлекеттің толыққанды егемендік құқығы.

Біз Ресей тарапының бұл шешімді қабылдауына ықпал еткен факторларды кешенді түрде қарастырып, жағдайға түсіністікпен қараймыз. Сонымен қатар, RuID сервисі бастапқыда жоспарланғандай, Ресейге кіру тәртібін жеңілдетеді деген үміттеміз. Әсіресе, біздің азаматтарымыз үшін шекара маңындағы өңірлер арасындағы күнделікті қозғалыстың ерекшелігін ресейлік билік назарға алады деп сенеміз. Ұмытпайық, Ресейдің 12 субъектісі Қазақстанның 7 облысымен шектеседі. Бұл — ауқымды аймақ», — деді елші.

Eurasia24 бұл тақырып бойынша өз пікірін білдірді:

Ресей тек Беларусь азаматтары үшін шекараны ашық қалдырды. Себебі бұл елдер арасында одақтас мемлекет мәртебесі бар. Қалған барлық көрші мемлекеттерге, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ талаптар қойылып отыр.

Бұл жерде ешбір тәуелсіз мемлекет жас баланың ренішіне ұқсас эмоцияға бой алдырмауы керек. Бүгінде Ресейге бүкіл Батыс әлемі қарсы тұрғанда, шекарасыны ашық күйде ұстауға моральдық тұрғыдан құқығы жоқ.

1 маусым күні Ресейдің бірнеше өңірінде орын алған украин арнайы қызметтерінің жарылыстары — осы сөзімізге дәлел. Террористік шабуылдар азаматтардың төлқұжатына қарап, кімге тиіспеу керегін ажыратып тұрмайды. Ресейде қазақстандықтардың саны аз емес екенін ескерсек, қауіпсіздік шаралары екі ел азаматтарына да қатысты.

Басты сұрақ — RuID жүйесі техникалық жағынан жеке мәліметтердің үлкен ағынын қабылдауға дайын ба? Құжат рәсімдеу процесі барынша жеңіл, әрі ашық болса деген үміт бар.

Ең бастысы — бәрі әйгілі саясаткер Виктор Черномырдиннің атақты сөзіндей аяқталмаса болғаны: «Жақсылық жасаймыз деп едік, баяғы әдетпен бәрі керісінше боп шықты».

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.