Евразия24Таңдаулы жаңалықтарДепутаттар мен тендер: қоғам шектеу талап етті

Депутаттар мен тендер: қоғам шектеу талап етті

|

|

Қазақстандық азамат Берік Алқабай мәслихат депутаттары мен олардың жақын туыстарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуына заң жүзінде шектеу қоюды талап етіп, петиция жариялады. Құжат gosrating.com платформасында жарияланған.

Петиция авторы мәслихат депутаттарының аймақтық бюджетті бекіту және оның орындалуын бақылау құқығы барын ескере отырып, олардың немесе туыстарының осы бюджет есебінен қаржыланатын тендерлерге қатысуы ашық жемқорлық қаупін арттыратынын алға тартады.

Алқабай депутаттардың жеке мүдделерін ашық жариялауды міндеттеу, бұл талаптардың орындалуын бақылайтын тәуелсіз орган құру және заң бұзғандарға әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет екенін атап өткен.

Eurasia24 пікірі:
Ашық дереккөздерде мәслихат депутаттарының мемлекеттік сатып алуларда, әсіресе жол мен әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты ірі тендерлерде «кездейсоқ» жеңімпаз атанып жатқаны туралы ақпарат аз емес. Мәслихат депутатының мәртебесі — қоғамдық, ақысыз қызмет. Сондықтан, көп жағдайда, өз күнін өзі көру үшін түрлі жол іздеуге мәжбүр болуы мүмкін.

Дегенмен соңғы уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарының ел өміріндегі рөлі туралы нақты мәлімдемелер жасағанын ескерсек, халық қалаулыларының мемлекеттік тапсырыстарға қатысу мәселесіне мемлекет бей-жай қарамауы тиіс.

Өткен жылдың қазан айында өткен республикалық мәслихат депутаттары форумында президент Тоқаев: «Мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беруі формалды сипатта өтіп жатыр», — деп сын айтты.

Ал 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев:
«Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Ақпаратты таратып қана қоймай, оның мәнін түсіндіре білу және үкімет саясатының дұрыстығын халыққа жеткізе білу — депутаттардың міндеті», — деді.

Әзірге заң бойынша мәслихат депутаттарының кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынбаған. Алайда егер депутаттық мандат мемлекеттік тендерде жеке басының мүддесіне пайдаланылатын болса, бұған қоғам да, мемлекет те назар аударуы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.