Евразия24ЖаңалықтарПентагон басшысы Ақ үймен келіспестен қару-жарақ жеткізілімін уақытша тоқтатты

Пентагон басшысы Ақ үймен келіспестен қару-жарақ жеткізілімін уақытша тоқтатты

|

|

Вашингтон. 9 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсетөткен аптада Украинаға бірқатар қару түрлерін жеткізуді уақытша тоқтатутуралы шешімді Ақ үймен алдын ала келіспестен қабылдаған. Бұл туралы CNN телеарнасы бірнеше дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәліметінше, бұл шешім әкімшілік ішінде түсініспеушілік туғызып, оның себептерін анықтауға және Конгресс пен Украина үкіметіне бұл әрекетті қалай түсіндіруге болатынын талқылауға мәжбүрлеген.

АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Кит Келлог пен президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио да бұлүдеріс туралы алдын ала хабарланбаған, олар да бұл туралы алғаш рет БАҚ арқылы білген.

CNN атап өткендей, АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні бұл шешімге өзі жауапты емес екенін мәлімдеді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сол күні өткен үкімет отырысында Трамп қару-жарақ жеткізуді тоқтату шешімін кімнің қабылдағанын сұрағанда: «Мен білмеймін, неге маған айтпадыңдар?» – деп жауап берген.

CNN-ге берген түсініктемесінде Пентагонның ресми өкілі Кингсли Уилсон: «Министр Хегсет президентке әскери көмектің көлемі мен қордағы мүмкіндіктерге қатысты толық ақпарат ұсынды. Бұл жұмыс үкіметпен үйлестіріліп жүргізілді», – деді.

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Хегсет бұл шешім туралы алдын ала хабар берді ме деген сауалға: «Пентагон барлық шетелдік мемлекеттерге көрсетілетін қолдаудың АҚШ мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету үшін тиісті тексерулер жүргізді», – деп жауап қайтарды.

Трамп алдыңғы күні Украинаға қару жеткізуді күшейту қажет екенін айтқан еді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу кезінде: «Көбірек қару жіберуіміз керек. Олар өздерін қорғай алуы тиіс», – деді.

Президенттің айтуынша, жеткізілім бірінші кезекте қорғаныс мақсатындағы қару түрлерін қамтиды.

Бұған дейін Трамп Украинаға қару жөнелту мәселесі АҚШ-тағы қорлардың жеткіліктілігіне байланысты болатынын айтқан.

Трамп журналистерге берген сұхбатында: «(АҚШ-тың бұрынғы президентіДжо – ИФ) Байден оларға шамадан тыс қару берді, нәтижесінде өзіміздің қорлар таусылып қалды. Алдымен өзімізде жеткілікті қару бар екеніне көз жеткізуіміз керек», – деген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.