Евразия24Еуразия патриоттарыЦифрлық интеграция: ЕАЭО-дағы жаңа мүмкіндіктер бастауы

Цифрлық интеграция: ЕАЭО-дағы жаңа мүмкіндіктер бастауы

|

|

Eurasia.expert порталы Еуразиялық саясат институты жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының директоры Максим Крамаренкомен сұхбатын жариялады. Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріарасындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы ықпалдастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

Крамаренконың айтуынша, цифрлық құжаттарды, лицензиялар мен электрондық қолтаңбаларды өзара тану Одақ елдері арасындағы сауданы жеңілдетіп, тауар айналымының өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйелерін бірлесіп әзірлеу шығындарды азайтып, технологиялық ынтымақтастықты нығайтады.

Ол нақты мысал ретінде мынадай модельді ұсынды: дата-орталықтарды Қазақстанда орналастырып, ресейлік «Эльбрус» процессорларын қолдану және Беларусьтің оптоэлектроника саласындағы тәжірибесін пайдалану. Мұндай бірлескен жобалар Одақ шеңберінде өзара толықтырушы ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сарапшының пікірінше, тағы бір маңызды бағытортақ төлем жүйелерін құру. Бұл, әсіресе, санкциялық қысым жағдайындағы Ресей үшін өзекті. Цифрлық ұлттық валюталарға арналған бірыңғай стандарттар әзірлеу мен енгізу ЕАЭО ішіндегі интеграцияны тежеуге бағытталған сыртқы шектеулерді еңсеруге жол ашатынын атап өтті.

Eurasia24 пікірі:

Еуразиялық саясат институтының директоры Максим Крамаренконың бастамасына назар аударады. Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақ(ЕАЭО) шеңберінде экономикалық интеграцияны цифрландыруға бағытталған арнайы IT-университет ашу идеясын ұсынды.

Крамаренконың пікірінше, ЕАЭО аумағы 20 миллион шаршы шақырымға жуық кеңістікті қамтығандықтан, одақ аясында жоғары білікті IT-мамандарды бір орталықта даярлаууақыт талабына сай және болашағызор бастама. Университеттің негізгі кампусын бір елде орналастырып, барлықбес мүше мемлекетте филиалдарын ашу арқылы интеграциялық процестерге кадрлық қолдау көрсетуге болады.

Сарапшы бұл ұсыныстың басты артықшылығы ретінде кадр даярлаудағы бірыңғай тәсіл мен оқыту стандарттарын атады. Бұл технологиялық деңгейітең, үйлесімді ортақ нарықтар қалыптастыру ісін жеңілдетіп, ЕАЭО елдерінің барлығына бірдей пайда әкелмек. Оның айтуынша, нақты қойылған міндеткез келген ауқымды жобаның табысты бастамасы.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...