Евразия24ЖаңалықтарИмпортқа баж салығы өседі

Импортқа баж салығы өседі

|

|

Вашингтон. 11 шілде. ИНТЕРФАКС. АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында өз елінің арнайы сауда келісімдері жоқс еріктестеріне қатысты 15–20% мөлшерінде бірыңғай кедендік тариф енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында: «Біз шетелдік елдердің барлығы 20% немесе 15% көлемінде баж салығын төлейтінін айтпақпыз. Қазір бұл мөлшерді нақтылап жатырмыз», – деді.

Қазір мұндай жалпы тариф мөлшері 10% деңгейінде екенін телеканал атап өтті.

Президент сондай-ақ бұл бастама АҚШ қор нарығына немесе инфляцияға кері әсер етеді деген пікірлерге қарсы уәж айтты. «Менің ойымша, тарифтер жақсы қабылданды. Бүгін қор нарығы жаңа рекорд орнатты», – деді ол.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі осы аптаның дүйсенбісінен бастап АҚШ-қа тауар экспорттайтын елдерге жаңа кедендік баж салығы туралы ресми хаттар жолдайтынын хабарлаған. Ол құжаттарда көрсетілген тарифтер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Алайда NBC News-ке берген сұхбатында Трамп: «Барлық елдерге хат жолдау міндетті емес. Біз өз тарифімізді бекітеміз де, іске кірісеміз», – деп атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылы Қазақстанда картоп пен көкөніс өнімінің орташа көлемде жиналатынын болжады

Қазақстан 2026 жылы 2,5–2,6 млн тонна картоп және шамамен 3,5 млн тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр.

Wildberries 2027 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жалпы аумағы 260 мың шаршы метр болатын қойма кешендерін пайдалануға береді

Wildberries компаниясы Алматы мен Астанада жалпы аумағы 260 мың шаршы метрді құрайтын қойма кешендерін салып жатыр.

Еуропада футболдан әлем чемпионатының балама турнирін өткізу мүмкіндігі қарастырылуда

Егер ФИФА президенті Джанни Инфантиномен арадағы текетірес жалғасатын болса, УЕФА серіктестерімен бірлесіп футболдан әлем чемпионатының балама нұсқасын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.

Қазақстан Алатауда «жасыл» авиаотын өндіретін экожүйе құруды жоспарлап отыр

Қазақстан билігі Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіруге арналған кешенді экожүйе құруды көздейтін Green Kazakhstan жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.