Евразия24ЖаңалықтарМұнай бағасы өсті: Brent барреліне $68,8 шамасында саудалануда

Мұнай бағасы өсті: Brent барреліне $68,8 шамасында саудалануда

|

|

Астана. 11 шілде. Интерфакс-Қазақстан – Мұнай бағасы бейсенбі күні 2%-дан астам төмендегеннен кейін, жұма таңында қайта өсе бастады.

Нарық қатысушылары геосаяси жаңалықтарға және халықаралық сауда саласындағы жағдайға назар аударуда. Олар АҚШ-тан келіп жатқан жаңа мәлімдемелерді, атап айтқанда импорттық тарифтерге қатысты ұсыныстарды бағалап отыр.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері жұма күні сағат 8:16-дағы жағдай бойынша барреліне $68,76 деңгейінде саудалануда. Бұл – бейсенбі күнгі жабылу бағасынан $0,12 немесе 0,17% жоғары. Кеше бұл келісімшарттар $1,55 немесе 2,21%-ға арзандап, $68,64 деңгейінде жабылған болатын.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері $0,15 (0,23%) өсіп, барреліне $66,72-ге жетті. Кеше бұл келісімшарттар $1,81 (2,65%) арзандап, $66,57 болған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні арнайы сауда келісімдері жоқ елдер үшін жалпы импорттық тарифті 15-20% деңгейінде енгізетінін мәлімдеді. Канада үшін бұл тариф 35% болады. Бұған қоса, Трамп Бразилиядан келетін барлық тауарларға 1 тамыздан бастап 50% кедендік баж салығы енгізілетінін хабарлады. Сол күннен бастап АҚШ-қа әкелінетін мысқа да дәл осындай тариф қолданылмақ.

Алайда Трамп бұған дейін де өзінің тарифке қатысты мәлімдемелерінен бірнеше рет бас тартқандықтан, сарапшылар нарықтың бұл жаңалықтарға аса сезімтал еместігін атап өтуде. Onyx Capital Group-тың сарапшысы Гарри Чилингарянның айтуынша, «нарық қатысушылары қазіргі таңда күту режимінде отыр, себебі АҚШ әкімшілігінің бұл мәселедегі ұстанымы тұрақты емес және икемділік байқатуда», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, әлемдік БАҚ мәліметінше, ОПЕК+ елдері қазан айынан кейін мұнай өндіру көлемін арттыруды уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыруда. Бұл жаңалықты трейдерлер нарық мұнайдың қосымша көлемін игере алмайтынын білдіретін белгі ретінде қабылдап отыр.

Мұнай бағасына қолдау көрсетіп отырған тағы бір фактор – Қызыл теңіздегі кеме қатынасы мәселесі. Осы аптада бұл аймақта екі кеме шабуылға ұшыраған болатын. Бұл жағдай Trading Economics мәліметі бойынша, мұнай тасымалына қауіп төндіріп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

UKMTO: Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп деңгейі әлі де аса жоғары

Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына төнген қауіп деңгейі «аса жоғары» деңгейінде қалып отыр. Бұл туралы Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.

«Хезболла» мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейіп келеді

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) әскери күштері Ливан аумағынан жасалуы ықтимал шабуылдардың күшеюіне, әсіресе елдің солтүстік өңірлеріне бағытталуы мүмкін соққыларға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Росатом»: Запорожье АЭС-інің алтыншы энергоблогы дрон шабуылынан зақымданды

Украиналық камикадзе-дрон сенбі күні Запорожье атом электр станциясының (ЗАЭС) алтыншы энергоблогының машина залы ғимаратына соққы жасап, нысанға зақым келтірді. Бұл туралы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев мәлімдеді.

Британ тәжінің агенттері және „жұмсақ күш“ саясаты

«Британияның құлағы» деген астарлы тіркесте қаншалықты шындық бар? Ұлыбританияның жаһандық ықпалын сақтап қалу әрекетінің мүмкіндігі қандай? Бұрынғы отар ел — Австралияға енді Америка Құрама Штаттарының жолын қайталап, жаңа метрополияға айналуға ұмтылатын уақыт жеткен жоқ па?