Евразия24ЖаңалықтарТрамп Эпштейн ісі аясында бас прокурорды қорғап, әкімшілікті бірлікке шақырды

Трамп Эпштейн ісі аясында бас прокурорды қорғап, әкімшілікті бірлікке шақырды

|

|

ВАШИНГТОН, 13 шілде. ИНТЕРФАКС. АҚШ Президенті Дональд Трамп атышулы миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты дауға байланысты сынға ұшыраған бас прокурор Пэм Бондиді қорғап шықты. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

«Менің «ұлдарым мен қыздарыма« не көрінді? Олар бас прокурор Пэм Бондиге жабылып жатыр. Ол өзінің жұмысын тамаша атқарып жүр», – деп жазды Трамп.

Мемлекет басшысы өз әкімшілігіне қарсы жасалып жатқан шабуылдарды сынға алып, бұл әрекеттерді «ішкі алауыздық» деп бағалады. Оның пікірінше, әкімшілік құрамындағы кейбір тұлғалар мен бұрынғы қызметкерлер «өзара келіспеушіліктер арқылы» бүкіл басқару жүйесіне зиян келтіруде.

«Бізбір топпыз. Бірақ қазір болып жатқан жайттар маған ұнамайды. Бізде бүкіл әлем ауыз толтырып айтып жүрген мінсіз әкімшілік бар. Ал кейбір өзімшілдер бұған кедергі келтіруге тырысуда – Эпштейн деген бір адамның кесірінен», – деді Трамп.

Ол сондай-ақ әкімшіліктің беделін түсіру әрекеттеріне өзінің саяси қарсыластарын – Барак Обаманы, экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды және «Байден әкімшілігінің қылмыскерлері мен сәтсіз саясаткерлерін» кінәлады. Президенттің айтуынша, дәл осы топ «Эпштейнге қатысты құжаттарды ойлап тапқан».

«Бұл солшыл радикалдар Эпштейннің құжаттарын неге ашық жариялаған жоқ? Егер ол құжаттар менің «Америка қайта ұлы елге айналсын» (MAGA) қозғалысыма шынайы қауіп төндірсе, олар әлдеқашан пайдаланатын еді ғой», – деді Трамп.

АҚШ әділет министрлігі мен ФБР бұған дейін Джеффри Эпштейннің атышулы «клиенттер тізімі» арқылы ықпалды тұлғаларды бопсалады немесе түрмеде өлтірілді деген тұжырымды растайтын дәлелдердің жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, Эпштейн 2019 жылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту ісі бойынша қамауға алынып, сотты күтіп отырған кезде түрме камерасында өз-өзіне қол жұмсаған деген ресми нұсқа тараған. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, ол сотқа дейін сән-салтанатқа толы өмір сүріп, Кариб теңізіндегі жеке аралында тұрған. Эпштейннің Дональд Трамппен, экс-президент Билл Клинтонмен және Ұлыбритания ханзадасы Эндрюмен араласқаны бұған дейін де хабарланған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.