Евразия24UncategorizedАҚШ Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

АҚШ Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

|

|

Иерусалим. 16 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сириядағы этникалық топтар арасындағы қақтығыстарға байланыстыжағдайға Вашингтонның алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді. Бұлқақтығыстар Израильдің әскери араласуына себеп болды. Бұл туралысәрсенбі күні The Times of Israel басылымы хабарлады.

«Біз қарулы қақтығыстың тоқтағанын қалаймыз… Бүгін кешке дейін қандайда бір жаңалықтар болады деп үміттенемін», – деді Рубио журналистергеберген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, Ақ үй Сириядағы шиеленісті жағдайға «ерекше алаңдап» отыр және қақтығысты барынша тез тоқтату үшін барлық тараптарменбайланыс орнатқан.

Сәрсенбі күні кешке АҚШ мемлекеттік хатшысы Вашингтонның қақтығысқақатысы бар барлық тараппен жұмыс жүргізіп жатқанын нақтылап, атыстытоқтатуға бағытталған бірқатар шаралар бойынша келісімге қол жеткізілгенінхабарлады.

«Біз бүгін кешке дейін бұл дабыл қақтырған әрі сұмдық жағдайды тоқтатуғамүмкіндік беретін нақты қадамдар жөнінде уағдаластық. Бұл үшін барлықтарап өз мойнына алған міндеттемелерді толық орындайды деген үміттеміз”, – деді Рубио.

Еске сала кетейіу, 14 шілде күні Сирияның Эс-Сувайде провинциясындаүкімет күштері мен друздар арасында болған қақтығыстар салдарынанкемінде 34 адам қаза тапқан. ейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильдің Сирияның оңтүстік-батыс шекарасындағыдемилитаризацияланған аймақты сақтау және жергілікті друз халқын қорғаужөніндегі міндеттемелерін еске салды.

Сәрсенбі күні Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Сирия Қарулы күштеріБас штабының ғимаратына және Дамасктегі президент сарайына соққыжасады.

Айта кетейік, друздар – Ливан, Сирия, Иордания және Израильде өмірсүретін араб этноконфессиялық тобы. Олар таухид деп аталатын өзіндік дінисенімді ұстанады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.