Евразия24ЖаңалықтарИрактағы супермаркеттегі өрттен қаза тапқандар саны 60-тан асты

Ирактағы супермаркеттегі өрттен қаза тапқандар саны 60-тан асты

|

|

Дубай, 17 шілде. ИНТЕРФАКС – Ирактың шығысындағы Васитпровинциясының әкімшілік орталығы Кут қаласындағы супермаркетте болған өрттен қаза тапқандар саны 61 адамға жетті. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы Ирак Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресми деректерге сәйкес, қазірдің өзінде 45 адам отқа оранған ғимараттан құтқарылып шығарылған. Алайда жоғалып кеткендер де бар, олардың нақтысаны әзірге жарияланған жоқ.

Телеарнаның хабарлауынша, апатқа қатысты тергеу амалдарының алғашқы нәтижелері алдағы 48 сағатта жарияланады.

Бұған дейін Васит провинциясының билігі 50 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар бар.

Провинция губернаторы Мұхаммед әл-Маехтің айтуынша, өрттің шығу себептеріне байланысты тергеу басталып, сауда орталығының иесі мен ғимарат қожайынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Қаза болған жазықсыз жандардың жақындарына кінәлілердің ешқандай жеңілдікке ие болмайтынына кепілдік береміз», – деді ол.

Қайғылы жағдайға байланысты Васит провинциясында үш күндік аза тұту жарияланды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.