Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Ұлттық барлау қызметі: Обама әкімшілігі 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласқаны туралы...

АҚШ Ұлттық барлау қызметі: Обама әкімшілігі 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласқаны туралы деректерді қолдан жасаған

|

|

Вашингтон, 18 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ Ұлттық барлау қызметі 2016 жылғы президенттік сайлаудан кейінгі тергеу барысында бұрынғы президент Барак Обама мен оның ұлттық қауіпсіздік командасы Дональд Трамптыңжеңісін жоққа шығару үшін жалған ақпарат таратқанын анықтады. Бұл туралы жұма күні жарияланған қызметтің баспасөз хабарламасында айтылды.

«Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард Трамптың 2016 жылы жеңіске жеткеннен кейін Обама мен оның командасы барлау деректерін қолдан жасап, оны саяси мақсатта пайдаланғаны жөнінде бұлтартпас дәлелдер ұсынды«, – делінген мәлімдемеде.

Құжатта АҚШ барлау қауымдастығы 2016 жылғы сайлауға дейінгі бірнеше ай бойы Ресейдің кибершабуылдар арқылы сайлауға ықпал етуге ұмтылып жатпағанын бағалағаны айтылған. Алайда, Обама әкімшілігінің өкілдері бұл бағалауларға қайшы келетін, шындыққа жанаспайтын мәлімдемелер жасаған.

Мәлімдемеде, сондай-ақ, атышулы «Сти́л досьесінің» саясиланғаны жәнеТрамптың жеңісіне күмән келтіру мақсатында оған негізделген жалған айыптаулар тарағаны көрсетілген.

Аталған досьені британдық бұрынғы барлаушы Кристофер Стил америкалық Fusion GPS зерттеу компаниясымен бірлесе дайындаған. Ол 2017 жылы Buzzfeed порталында жарияланған болатын. Кейін Washington Post газеті досье мен оған қатысты зерттеулерді Демократиялық партияның ұлттық комитеті мен Хиллари Клинтонның сайлау штабы қаржыландырғанын жазған.

Трамп бұл досьені бірнеше рет «жалған» деп атап, 2016 жылғы сайлауда Ресеймен байланысы болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарған.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.