Евразия24ЖаңалықтарТрамп The Wall Street Journal газетінің иесі мен журналистерін сотқа берді

Трамп The Wall Street Journal газетінің иесі мен журналистерін сотқа берді

|

|

Вашингтон, 19 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың президенті Дональд Трамп The Wall Street Journal газетінің иесі Руперт Мердок пен бірнеше журналиске жала жапты деген айыппен Майамидегі федералды сотқа шағым түсірді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Трамптың заңгерлері News Corp медиахолдингін «журналистік этика мен ақпаратты дәл жеткізу стандарттарын өрескел бұзды» деп айыптап отыр.

Даудың себебі – WSJ-да жарияланған мақалада Трамптың 2003 жылы атышулы кәсіпкер Джеффри Эпштейнге әдепсіз сурет салып, оған қолтаңбасымен сыйға тартқаны айтылған. Алайда газет суретті де, хатты да жарияламаған.

«Бұл хат немесе сурет ешқашан болмаған«, – делінген Трамптың адвокатының сотқа жолдаған құжатында.

Truth Social желісіндегі жазбасында Трамп Руперт Мердокты ескерткені туралы мәлімдеді: «Егер бұл жалған хатты жариялайтын болса, сотқа беремін деп алдын ала ескерткенмін«,деді ол.

Еске салайық, Джеффри Эпштейн 2019 жылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту ісі бойынша сотты күтіп жатқанда түрмеде өз-өзіне қол жұмсаған. Көптеген БАҚ Эпштейннің бұрын Трамппен, АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтонмен және Ұлыбритания королі Карл III-тің інісі ханзада Эндрюмен тығыз байланыста болғанын жазған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды

Қазақстанның халықаралық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігі мол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысында айтты.

Тоқаев БРИКС саммитінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін көтерді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС пленарлық отырысында өңірлік қақтығыстардың трансшекаралық инфрақұрылымға төндіріп отырған қаупіне назар аударып, ұйым елдерін шиеленістерді реттеуге атсалысуға шақырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Тоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестициялық байланысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілімен ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.