Евразия24ЖаңалықтарТрамп Обаманы сайлау нәтижелерін бұрмалауға әрекет жасады деп айыптады

Трамп Обаманы сайлау нәтижелерін бұрмалауға әрекет жасады деп айыптады

|

|

Вашингтон. 20 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоққа шығару мақсатында экс-президент Барак Обама жалған ақпарат таратты деп мәлімдеді.

Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп Fox News тілшісі Харрисон Филдстың Обаманың әрекеттерін әшкерелегені үшін алғыс білдіріп, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбардтың жұмысына оң бағаберді.

«Fox News-тің жас әрі талантты журналисі Харрисон Филдс өте жақсы жұмыс атқарды. Сарапшылар тобы Обама мен сайлау нәтижелерін бұрмалауға қатысы бар адамдарды сотқа тартуды ұсынды – олар енді әшкереленді», – деп жазды Трамп.

Ол сөзін былай жалғастырды: «Тулси Габбардты құттықтаймын. Осы қарқында жалғастырыңыздар!»

Бұған дейін АҚШ Ұлттық барлау қызметі 2016 жылғы сайлаудан кейін Обама әкімшілігі Дональд Трамптың жеңісін жоққа шығару үшін оның Ресеймен байланысы бар деген жалған ақпарат таратқанын растайтын дәлелдер жариялаған болатын.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.