Евразия24ЖаңалықтарТрамп Обаманы сайлау нәтижелерін бұрмалауға әрекет жасады деп айыптады

Трамп Обаманы сайлау нәтижелерін бұрмалауға әрекет жасады деп айыптады

|

|

Вашингтон. 20 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоққа шығару мақсатында экс-президент Барак Обама жалған ақпарат таратты деп мәлімдеді.

Truth Social әлеуметтік желісінде Трамп Fox News тілшісі Харрисон Филдстың Обаманың әрекеттерін әшкерелегені үшін алғыс білдіріп, АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбардтың жұмысына оң бағаберді.

«Fox News-тің жас әрі талантты журналисі Харрисон Филдс өте жақсы жұмыс атқарды. Сарапшылар тобы Обама мен сайлау нәтижелерін бұрмалауға қатысы бар адамдарды сотқа тартуды ұсындыолар енді әшкереленді», – деп жазды Трамп.

Ол сөзін былай жалғастырды: «Тулси Габбардты құттықтаймын. Осы қарқында жалғастырыңыздар

Бұған дейін АҚШ Ұлттық барлау қызметі 2016 жылғы сайлаудан кейін Обама әкімшілігі Дональд Трамптың жеңісін жоққа шығару үшін оның Ресеймен байланысы бар деген жалған ақпарат таратқанын растайтын дәлелдер жариялаған болатын.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Батыс жағалауда терроризмге қарсы операцияларды кеңейтпек

Иерусалим. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Израиль әскері Иордан өзенінің...

Ирак пен Ливан мұнай құбырын тарту жобасын талқылап жатыр

Дубай. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Ливан премьер-министрі Науаф Салам...

АҚШ: Иранға қарсы операцияға байланысты оқ-дәрі қоры жеткілікті

Вашингтон. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты...

Макрон Франциядағы орман өрттеріне байланысты дағдарыс штабының отырысын өткізеді

Париж. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Франция президенті Эмманюэль Макрон...