Евразия24Басты бетҚазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 2-бөлім

Қазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 2-бөлім

|

|

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін алтын өндіруге лицензия алу қиын, ал одан кейін алынған өңделмеген алтынды заңды әрі тиімді жолмен өткізу – одан да күрделі мәселе. Бұл өз кезегінде елімізде «қара старательдік» пен оған байланысты қылмыстық іс-әрекеттердің кең етек жаюына алып келді.

Айта кетейік, 2011 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстанда өндірілген алтынды сатып алу ісінде іс жүзінде монополистке айналды. Алайда қаржы институтының басым назары аффинаждалған және аллокирленген алтынға бағытталған. Осыған байланысты өңделмеген алтынмен жұмыс істейтін старательдер мемлекеттік банктің мүддесіне жатпайды.

Елімізде алтын ұнтағы мен самородктарды сатып алуға құқылы қаржы ұйымдары бар. Ресми есепке сәйкес, олардың саны 11 болса да, бұл жөнінде ашық ақпарат аз. Түсінікті жайт, қаржы және әсіресе алтын сынды активтер«тыныштықты» қалайды. Бірақ мұндай жабықтық жиі жағдайда көмескіжәне мүдделі схемалармен ұштасады.

Электроникадан алынатын алтын сынықтары мен өндірістік платаларды ломбардтар сатып ала алады, бірақ бұл старательдерге тікелей қатысы жоқбөлек мәселе.

Осылайша, тіпті лицензия алған күннің өзінде көпшілік старательдер алтынды нарықтағы төмен бағамен сатуға ынталы емес. Себебі нарықтағы олигополиялық жағдай бағаның әділ қалыптасуына мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда заңды тұлғалар көбіне алтынды өткізудің «көлеңкелі» жолдарын іздеп, криминалды құрылымдардың қызметіне жүгінеді.

Алтын мен бағалы тастардың заңсыз саудасы – әлемдік қылмыстық экономиканың негізгі салаларының бірі. Бұл қатарға қару-жарақ, есірткі, мұнай, жезөкшелік, порнобизнес пен адам саудасы да кіреді.

Сарапшылардың есептеуінше, Қазақстан «қара старательдердің» кесірінен жылына шамамен 25 тонна алтын жоғалтады. Салыстыру үшін: Ұлттық банк 2025 жылы ішкі нарықтан 70 тонна алтын сатып алуды жоспарлап отыр, бұлқазіргі бағада 6 миллиард АҚШ долларынан асады. Жалпы, елімізде әр үш тонна заңды алтынға бір тонна заңсыз алтын өндірілетіні айтылып жүр.

Ақмола облысындағы Бестөбе кенті – еліміздің алтын өндірісімен тығыз байланысты өңірлерінің бірі. Ресми түрде мұнда «Алтыналмас» компаниясы заңды негізде кен орнын игеріп, алтын өндірумен айналысады. Алайда, сонымен қатар осы аумақта «қара» старательдер желісі де кеңінен тараған және жүйелі түрде жұмыс істеп келеді.

Бұл өңірде заңсыз алтын өндіру оңай шаруа емес. Себебі алтын шахталы қәдіспен өндіріледі, оған арнайы кәсіби дайындық, құрал-жабдық және «өтпе жолдар» қажет. Дегенмен, қылмыстық құрылымдар шахтада жұмыс істейтін заңды жұмысшыларды түрлі жолдармен сатып алып, олар арқылы қажетті техникалық көмекті алып отыр. Бұл өз кезегінде заңсыз алтын өндірісін жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

Әлбетте, мұндай әрекеттер еңбек қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуына әкеледі. Соның салдарынан жасөспірімдер де бар «қара» старательдер арасында жарақат алу мен өлім-жітім жағдайлары жиітіркелуде.

2024 жылы алтынның әлемдік нарықтағы бағасы күрт өскен соң, Бестөбеде«қара» старательдерге қатысты құқық қорғау органдарының рейдтері жеті есеге артқан. Бұл – өңірдегі заңсыз әрекеттердің үдеп бара жатқанын айқын көрсетеді.

Аталған жағдай тек әкімшілік немесе салалық саясаттың осалдығы емес. Бұл– кен игеруге рұқсат алған ресми жер қойнауын пайдаланушыға қарсы ұйымдастырылған нақты қылмыстық жүйе. Алайда, бұл ахуал елдегі «ақ» старательдермен жұмыс істеудегі жүйесіздікпен де ұштасып жатыр. Себебізаңды алтын өндірушілер үшін де нормативтік тосқауылдар мен өткізуқиындықтары бар. Мұндай олқылықтар қылмыстық ортаның тамыр жаюынақолайлы жағдай туғызуда.

Бестөбе маңындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал да көңіл көншітпейді. Жұмыссыздық белең алған бұл аймақтан алтын қазуға баратындар қатары жыл сайын артып келеді. Және олар салыстырмалы түрде аз ақша үшін өз өмірлерін қатерге тігуге мәжбүр. Бұған қоса, заңсыз өндіруді ұйымдастырушылар жиі жағдайда жұмысшыларымен есеп айырыспай кетеді. Себебі олар заңсыз жұмыс істеген адам полицияға шағымдана алмайтынын жақсы біледі.

Әдетте, кез келген қылмыстық құрылым өз әрекетін ақтап алу үшін белгілі бір идеологияға жүгінеді. Ал Бестөбеде алтын өндірумен байланыстыстыратын әрекеттердің соңғы уақытта діни-радикалды сипат алып бара жатқаны байқалады. Бұл үдеріс өзіндік құрылымымен және қауіпті ауқымымен ерекшеленіп отыр.

Жалғасы бар.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.