Евразия24ЖаңалықтарУиткофф Газа секторындағы атысты тоқтату мәселесін Израиль және Катар өкілдерімен Римде талқылайды

Уиткофф Газа секторындағы атысты тоқтату мәселесін Израиль және Катар өкілдерімен Римде талқылайды

|

|

Вашингтон. 23 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф осы аптада Рим қаласында Израиль мен Катар өкілдерімен Газа секторындағы атыстытоқтату жөніндегі келіссөздерді жалғастырады. Бұл туралы Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Аталған ақпаратқа сәйкес, Уиткофф бейсенбі күні Римде Израильдің стратегиялық мәселелер жөніндегі министрі Рон Дермермен және Катардың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуді жоспарлап отыр. Келіссөздербарысында атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарға қатысты мәміле мәселелері қаралады.

Дереккөздердің айтуынша, егер Римдегі келіссөздер барысында елеулі прогресс тіркелсе, Уиткофф апта соңында Катар астанасы Дохаға аттанады. Бұл сапар аясында тараптар мәмілені түбегейлі бекітуге тырыспақ.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Тэмми Брюс арнайы өкіл Уиткоффтың Газа секторына бара жатқанын хабарлаған болатын.

«Мемлекеттік хатшы (Марко Рубио – ИФ) маған берген түсініктемесінде Уиткоффтың Газа секторына бағыт алғанын атап өтті. Президент, мемлекеттік хатшы және арнайы өкіл атысты тоқтату және гуманитарлық дәліз ашу мәселесінде оң нәтижеге үміт артып отыр», – деді Брюс.

Оның айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы гуманитарлық және медициналық көмектің нашарлап бара жатқан жағдайына байланысты гуманитарлық дәліз ашуды басым міндет ретінде атап өткен.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС қозғалысы өкілдері екі аптадан беріКатар астанасы Дохада атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жөнінде жанама келіссөздер жүргізіп келеді.

Катар, АҚШ және Египет бірлесіп дайындаған ұсынысқа сәйкес, 60 күнгесозылатын уақытша атысты тоқтату, 10 израильдік тұтқынды босату жәнеқаза тапқан 18 адамның мәйіттерін қайтару қарастырылған. Бұған қоса, нақты саны әлі келісілмеген палестиналық тұтқындарды босату және Газа секторындағы қақтығысты толық тоқтату жөніндегі келіссөздерді бастауұсынылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Huawei 2031 жылға қарай әлемдегі озық чип өндірушілерін қуып жетуді көздеп отыр

Қытайдың Huawei Technologies компаниясы 2031 жылға қарай Intel Corp. және басқа да әлемдік жетекші компаниялардың ең озық өнімдерімен тең деңгейдегі чиптер шығаруға мүмкіндік беретін шешім тапқанын мәлімдеді.

Ауғандарды мәжбүрлі түрде депортациялау адам құқықтарының өрескел бұзылуына әкелуі мүмкін – БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк елдерді ауған босқындары мен баспана іздеушілерді мәжбүрлі түрде депортациялауды тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе адам құқықтары мен босқындарды қорғау саласындағы халықаралық нормаларды бұзады.

Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ресей президенті Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан үкіметі Алматы облысында 32,5 млрд теңгеге фармзауыт салу жобасын мақұлдады

Қазақстан үкіметі Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жобасын мақұлдады. Жобаның жалпы құны – 32,5 млрд теңге.