Евразия24ЖаңалықтарБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысқа байланысты шұғыл отырыс өткізеді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысқа байланысты шұғыл отырыс өткізеді

|

|

НЬЮ-ЙОРК. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекаралық жанжалға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 26 шілде күні жабық форматта шұғыл отырыс өткізеді. Бұл туралы халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Қақтығысқа байланысты отырыс өткізу жөніндегі бастаманы Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет көтерген. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шілде айында төрағалық етуші Пәкістанның тұрақты өкілі Асим Ифтихар Ахмадқа жолдаған ресми хатында Таиландтың әрекеттерін «ешқандай арандатусыз жасалған қасақана шабуыл» деп атап, Кеңесті шұғыл жиын өткізуге шақырды.

20 шілде күні таңертең Таиландтың Сурин провинциясында, Камбоджамен даулы саналатын Та Моен Том ежелгі храмы маңында қарулы қақтығыстар орын алған. Таиланд тарапы атыстың басталуына Камбоджаны кінәлап отыр.

Таиланд Премьер-министрі Пхэтхонгтан Чинават шекарадағы жағдайды айыптап, мәселе дипломатиялық жолмен шешілу шегінен шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Камбоджа тарапынан жасалған шабуылдар елді жаңа шаралар қабылдауға итермелеуі мүмкін.

Тай армиясының мәліметінше, Камбоджа бірінші болып атыс ашқан. Бұған жауап ретінде Таиланд артиллерияны қолданған және F-16 жойғыш ұшақтарын әуеге көтеріп, Камбоджа аумағындағы әскери нысандарға соққы жасаған.

Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 25 шілде таңертеңгі жағдайға сәйкес, қақтығыс салдарынан 14 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар.

Таиландтың Камбоджадағы елшілігі өз азаматтарын елден шұғыл шығуға шақырды. Елшілік қазіргі жағдайдың ұзаққа созылып, ушығуы мүмкін екенін ескертті.

Камбоджаның Оддар-Меанче провинциясы әкімшілігінің мәліметінше, атыс барысында бір адам қаза тауып, бес адам жараланған. Шекара маңындағы атыстар әлі де жалғасып жатыр.

Associated Press агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Камбоджада шекара маңында тұратын 4 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.