Евразия24Еуразия патриоттарыЕАЭО шектеулері: санкциялар ма, сауда саясаты ма?

ЕАЭО шектеулері: санкциялар ма, сауда саясаты ма?

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізген тұрақты мониторинг қорытындысы бойынша «Сауда» порталында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттеріне қатысты үшінші тараптардың шектеу шараларының жаңартылған тізілімі жарияланды. Анықталған шектеу шараларының саны қазіргі уақытта 271ге жетіп отыр. Бұл шаралар ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері және сауда-экономикалық келісімдер жасалған немесе жасалу үстіндегі елдер тарапынан сыртқы саудадағы тосқауыл ретінде көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, Үшінші мемлекеттерден кондитерлік өнімдер әкелуге тыйым салған Иран Ислам Республикасының шектеу шарасы 2025 жылғы 15 мамырда ЕАЭО мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің толыққанды түрде күшіне енуіне байланысты жойылды.

Евразия24 пікірі:

ЕАЭО-ға қатысты шектеу шараларының жаңартылған тізімінде Еуроодақ тарапынан – 33, АҚШ – 32, ал Ұлыбритания – 14 тармақ тіркелген. Мәселен, Зимбабве тіс пастасына, ал Мадагаскар жөргек, көрпе және қоюлатылған сүтке байланысты арнайы тергеу жүргізуде. Бұл – ішкі өндірісті қорғау бағытындағы әрекеттер. Егер Батыс елдерінің шектеулері көбіне санкциялық сипатта болса, өзге әріптес елдердің қадамдары ұлттық өндірісті қорғауға бағытталған. Бұл – халықаралық саудадағы күрделі үдерістердің бірі әрі сауда тосқауылдарын құрудағы өзіндік бәсекелестік. Сонымен қатар, ЕАЭО-дан экспортталатын өнімдерге шектеу шараларының қолданылуы – осы өнімдердің жаһандық нарықта белгілі бір деңгейде бәсекеге қабілетті екенін де көрсетеді. Мұндай жағдайда шектеулер тек тосқауыл емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.