Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚайырымдылық атын жамылған қылмыс: 3,5 млрд теңгелік алаяқтыққа үкім шықты

Қайырымдылық атын жамылған қылмыс: 3,5 млрд теңгелік алаяқтыққа үкім шықты

|

|

KazTAG Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасай отырып, Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты үкімді хабарлады: «2025 жылғы 25 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты К. және А. есімді азаматтарға қатысты айыптау үкімін жариялады». Тергеу мәліметіне сәйкес, К. мен А.үш алаяқтық әрекеті үшін (ҚК 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ), сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру (ҚК 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ және 3-бөлім, 3-тармақ) бойынша айып тағылған. Аталған құқық бұзушылықтар алдын ала сөз байласқан адамдар тобы арқылы, бірнеше мәрте және аса ірі мөлшерде жасалған. К. және А. тарапынан жасалған қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 3,5 милллиард теңге көлемінде ақшалай қаражат заңсыз иемденілген.
Сот, қылмыстың сипаты мен келтірілген залалды негізге ала отырып, келесі жазаларды тағайындады: К.10 жылға бас бостандығынан айыру; А. жасын ескере отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру. Сотталушылар қайырымдылық қаражатын жинау саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды (бұл – заңда белгіленген ең ұзақ шектеу мерзімі).

Евразия24 пікірі:
Қылмыстық істер бойынша шығарылған мұндай қатаң үкімдер, көбінесе, жымқырылған қаражаттың көлеміне ғана емес, қоғамның қайырымдылық саласына және мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіргені үшін тағайындалады. Бұл екі сала – тікелей байланыспаса да, зардап шеккен азаматтардың санының көп болуы екеуіне де ортақ сипат. Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот процесі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Сот отырысы кезінде Перизаттың тәкаппарлық танытқаны байқалды. Алайда әлеуметтік желілерде жарияланған, қымбат көліктер мен әшекейлерге, элиталық тұрғын үйлер мен шетелдік сапарларға жұмсалған қаржы туралы деректер, қорғаушы тараптың дәлелдерін жоққа шығарды. Жиналған қайырымдылық қаражаттары тиісті алушыларға жеткен жағдайда, айыпталушыда мұндай мол қаражат қалмас еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Өткеннің тағылымынан – болашақтың бағдарына: мемлекеттің қуаты тиімді басқарудан басталады. IІ бөлім

Ең алдымен, тарихтың бүгінгі күннің орнын басу үшін емес, бүгінді күшейту үшін қажет екенін түсіну маңызды. Оның басты миссиясы – өткенді дәріптеу емес, қазіргі қоғамның дамуына бағыт-бағдар беру. Ата-бабаларымыз өздерінен бұрынғыларды үздіксіз еске алғандықтан емес, өз дәуірінің түйткілдерін тиімді шеше білгендіктен ұлы болды. Алайда өткенге деген құрмет тек оны еске алумен шектелмеуі керек. Шынайы құрмет әрбір ұрпақтың алдыңғы буынның тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қоса алуынан көрінеді. Егер алдыңғы буын мемлекеттіліктің берік іргетасын қалап кеткен болса, бүгінгі ұрпақтың міндеті – тиімді жұмыс істейтін институттарды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту және әділетті қоғам құру. Бұл ретте институттар дегеніміз – нақты бір басшыға емес, заң мен қағидаға сүйеніп жұмыс істейтін тұрақты жүйелер.

Қылмыстық кірістерді жылыстату қалыпты құбылысқа айналды

Жоғары технологиялардың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда «лас ақшаның» негізгі көзі классикалық контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардан экономикалық қылмыстарға ойысуы заңды құбылыс болды. Бүгінде заңсыз жолмен алынған табыстың басым бөлігі азаматтар мен бизнеске қарсы жасалатын экономикалық құқық бұзушылықтардан қалыптасып отыр.

1 қыркүйектен бастап мектептерде қандай жаңа пәндер оқытылады?

Бір қызығы, жаңа пәндердің енгізілетіні жарияланғанымен, жаңа оқу жылының басталуына бір жарым ай ғана қалғанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарлары әлі күнге дейін бекітілмеген. Демек, оқушыларды алдағы оқу жылында тағы бірқатар өзгерістер күтіп тұрғаны анық.

ІІМ жүргізушілерге қойылатын талаптарды күшейтеді

Қазақстанда жүргізуші куәлігі енді бір рет алып, он жыл бойы денсаулық жағдайының өзгергеніне қарамастан пайдалана беретін құжат болудан қалып барады. Әсіресе жасы ұлғайған немесе денсаулығына байланысты қосымша медициналық бақылауды қажет ететін азаматтарға қойылатын талап күшейеді.