Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Еуропадағы әскери контингентін қысқартуы мүмкін

АҚШ Еуропадағы әскери контингентін қысқартуы мүмкін

|

|

Брюссель. 28 шілде. АҚШ тарапы шетелдердегі әскери күштерін қайта орналастыру жөніндегі стратегиясын қайта қарап, Еуропадағы әскерініңүштен бір бөлігін қысқартуы ықтимал. Бұл жөнінде Politico басылымы НАТО құрылымындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аталған ақпаратқа сәйкес, НАТО-ның аты-жөнін жарияламаған өкілі Politico-ға берген түсініктемесінде мұндай қысқарту біртіндеп жүзеге асырылуымүмкін екенін нақтылаған.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының басында Германия ФедеративтікРеспубликасының қорғаныс министрі Борис Писториус Вашингтондабірқатар келіссөздер жүргізген болатын. Ол АҚШ-тың Қорғаныс министріПит Хегсетпен кездесу барысында АҚШ-тың Еуропадағы әскери үлесінқайта қарастыруы ықтимал екенін бұрыннан айтып келе жатқанын жеткізді.

«Америка Құрама Штаттарының да өз геосаяси мүдделері бар. Атапайтқанда, Индо-Тынық мұхиты аймағы мен әлемдік теңіз жолдарыныңқауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты бойынша», – деді Писториус. Оныңпікірінше, егер АҚШ бұл бағытта нақты шешім қабылдаса, онда еуропалықодақтастар арасындағы үйлесімді іс-әрекет қажет болады. Сонымен қатар, министр АҚШ әскерінің қысқаруы Еуропа қорғанысының әлсіреуіне алыпкелмеуі керек екенін баса айтты.

Дегенмен Politico мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта АҚШ пен Германия арасындағы бұл мәселеге қатысты келіссөздердің нақты мәртебесі белгісіз. Германияның Қорғаныс министрлігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сонымен қатар, басылым Пентагонның биылғы қыркүйек айында АҚШ әскерін шетелдерге орналастыру жөніндегі қайта қаралған стратегиялықбаяндамасын ұсынуы тиіс екенін хабарлайды.

АҚШ Конгресінің Қарулы күштер істері жөніндегі комитеті 2026 жылғаарналған қорғаныс бюджеті жобасында Пентагонға Еуропадағы әскериконтингентті кем дегенде 76 мың деңгейінде сақтау міндетін қойған. Қазіргіуақытта бұл көрсеткіш 100 мыңға жуық, оның ішінде 35 мыңға жуық әскериқызметші Германия аумағында орналасқан.

Бұған дейін, ақпан айында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс НАТО-ғамүше мемлекеттерден қорғаныс саласына бағытталған шығындарынарттыруды талап етіп, бұл АҚШ-қа Азия бағытында маңызды міндеттердішешуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын. Ал маусым айындаҚорғаныс министрі Хегсет америкалық әскерді ғаламдық қайта орналастыружоспары аясында Индо-Тынық мұхиты өңіріне басымдық берілетінінхабарлаған еді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.