Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Иранның Израильге жасаған зымыран соққыларына қарсы тұру кезінде THAAD жүйесінің шамамен...

АҚШ Иранның Израильге жасаған зымыран соққыларына қарсы тұру кезінде THAAD жүйесінің шамамен төрттен бір қорын пайдаланған

|

|

Вашингтон. 28 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ Қарулы күштері Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс кезінде THAAD зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне арналған зымырандардың шамамен 25 пайызын пайдаланғанын CNN телеарнасы дүйсенбі күні дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна дерегінше, Иран тарапынан Израильге бағытталған зымырансоққыларын тойтару барысында АҚШ әскері қолда бар жеті THAAD зымыранының екеуін іске қосқан. CNN-нің хабарлауынша, бұл операциякезінде 100-150 аралығында зымыранға қарсы қару қолданылған.

Сондай-ақ CNN бұны қысқа уақыт ішінде зымырандардың аса көп мөлшердеқолданылуы ретінде сипаттап, бұл АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғанысжүйесіндегі әлсіз тұстарды айқын көрсететінін атап өтті. Телеарна дерегінесүйенсек, өткен жылы АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешені бар болғаны 11 данаTHAAD зымыранын өндірген, ал 2026 жылға арналған Пентагон бюджетінесәйкес, биылғы қаржы жылында тағы 12 дана жеткізілуі жоспарланған.

2024 жылдың 13 маусымында Израиль Иранға қарсы әскери операцияныбастаған. Бұл операцияның ресми мақсаты – Иранның ядролықбағдарламасын жою. Бұған жауап ретінде Иран өз зымырандарын Израильгебағыттады.

Одан кейін, 22 маусым күні АҚШ Иран аумағындағы үш ядролық нысан – Фордо, Исфахан және Натансқа соққы берді. Кейін АҚШ ПрезидентіДональд Трамп бітім жариялап, оған Иран мен Израиль келісім берді.

THAAD жүйесі орта және қысқа қашықтықтағы баллистикалықзымырандарды 2700-2800 м/с жылдамдықпен тосып алуға қауқарлы. Зымыранды тосып алу қашықтығы мен биіктігі 200 шақырымға дейін жетеді. Әрбір батарея 6 ұшыру қондырғысымен және 48 тосушы зымыранменжабдықталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.