Евразия24ҚоғамХалық неге заңды әртүрлі қабылдайды?

Халық неге заңды әртүрлі қабылдайды?

|

|

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айгүл Забирова былай деп хабарлады: «Америкалық саясаттанушы Инглхарт пен француз социологы Бурдьенің зерттеулері адамның мінез-құлқы тек объективті жағдайлармен ғана емес, сонымен қатар оның ішкі мағыналық құрылымымен, яғни шынайылықты қалай қабылдайтынымен анықталатынын әлдеқашан дәлелдеген. Бір заңды бір адам мемлекет қамқорлығы ретінде қабылдаса, екіншісі оны соққыретінде қабылдауы мүмкін. Бағаның бір деңгейдегі өсуін біреу қолдауы ықтимал, ал екіншісімүлде керісінше. Бұл жай ғана пікір емес, бұладамның әлемге беретін мағынасы, оның қалыпты жағдай жөніндегі өзіндіктүсінігі. Бұдан бөлек, біз өз-өзін іздеп жүрген елде өмір сүріп жатырмыз. Бұлізденіс оңай емес, себебі ол тек саясат, экономика немесе жобалартөңірегінде ғана емес. Бұлбіз ұзақ уақыт бойы елемей келген адам туралы, бұлазамат туралы. Мүмкін, бүгінгі өзгерістердің ең маңыздысы да – осы. Дәл осы ой «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының өзегінде жатыр».

Евразия24 пікірі:

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) халықтың әлеуметтік байланыстары, әділеттілікке көзқарасы, мемлекетке деген сенімі сынды тақырыптар бойынша тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді. Аталған зерттеулердің нәтижелері әрдайым бір-біріне сәйкес келе бермейді: ҚСЗИ ұсынған қорытындылар әдетте сәл оптимистік сипатқа ие, ал тәуелсіз әлеуметтанушылардың мәліметтері шынайы өмірге жақын. Мұндай айырмашылықтар – сауалнамалардағы іріктеме көлемі мен әдістемесіне байланысты туындайтын қалыпты құбылыс. Дегенмен, әлеуметтңкзерттеулер мемлекеттік басқару үшін пайдалы құрал болып саналады. Олар билікке халықтың нақты қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі, ал бұл қажеттіліктер кейде мемлекеттік органдардың ресми есептерінде көрініс таппай жатады. Тіпті, кейбір өңірлік әлеуметтік мәселелерге Мемлекет басшысының жедел әрекет етуі де – әлеуметтанудың жетістігі деуге болады. Себебі әлеуметтік желілер арқылы таралатын деректер мен азаматтық үн қосулар билік пен халық арасындағы байланыс арнасына айналып келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігіне тоқталды

Қазақстанның халықаралық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігі мол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысында айтты.

Тоқаев БРИКС саммитінде жаһандық қауіпсіздік мәселелерін көтерді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС пленарлық отырысында өңірлік қақтығыстардың трансшекаралық инфрақұрылымға төндіріп отырған қаупіне назар аударып, ұйым елдерін шиеленістерді реттеуге атсалысуға шақырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Тоқаев Эфиопия Премьер-министрімен сауда және инвестиция мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестициялық байланысты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілімен ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.