Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан үкіметі Алматы облысында 32,5 млрд теңгеге фармзауыт салу жобасын мақұлдады

Қазақстан үкіметі Алматы облысында 32,5 млрд теңгеге фармзауыт салу жобасын мақұлдады

|

|

Астана. 25 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан үкіметі Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жобасын мақұлдады. Жобаның жалпы құны – 32,5 млрд теңге.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Инвестициялық келісім Денсаулық сақтау министрлігі мен Steppe pharmaceuticals арасында жасалған.

Жаңа зауытта 20 түрлі дәрі-дәрмек өндіру жоспарланып отыр. Оның ішінде онкологиялық және сирек кездесетін ауруларға арналған препараттар, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық өнімдер болады.

Кәсіпорын 2031 жылы іске қосылады деп жоспарланған. 2032 жылы толық өндірістік қуатқа шығып, 2034 жылдан бастап негізгі бағыттар бойынша толық циклге өтеді.

Жоба аясында дәрі өндірумен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ биоэквиваленттілік зерттеулері, халықаралық GMP стандарттарын енгізу және қазақстандық мамандарды оқыту жүйесі қарастырылған.

Үкіметтің мәліметінше, жоба шамамен 60 жаңа жұмыс орнын ашады және елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазір Қазақстанда фармацевтика саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы отандық фармацевтикалық өнім өндірісі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Серік Жұманғариннің еншісіне тиген жауапкершілік

«Еуразия-24» ақпараттық-сараптамалық журналы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұмангариннің әлеуметтік желідегі жарияланымына қатысты шолу жасаған еді. Онда министр «Қазақстан ЖІӨ-нің серпінді өсімі аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың нақты кірістерінің төмендеу» себептерін негіздеуге тырысқан. Дегенмен, біздің өткен материалымызда негізгі назар өзге экономист-сарапшылардың аталған жазбаға білдірген пікірлеріне аударылды. Ал бүгінгі таңда Ұлттық экономика министрінің логикалық пайымдау жүйесі мен дәлелдемелік базасын тереңірек саралаудың маңызы зор, себебі бұл талдау барысында бірқатар маңызды тұстар айқындалып отыр. Қалай болғанда да, әңгіме тамыз айында өтетін жаңа Құрылтай сайлауына, ал одан кейін жаңа Үкіметтің жасақталуына келіп тіреліп отыр. Оның алдында (тіпті оны Серік Жұманғарин басқаруы да ғажап емес) сол баяғы негізгі мәселе тұрады: неге экономика өсіп жатқанымен, халықтың табысы төмендеуде? Дәлірек айтқанда, бұған ақталатын себеп іздеумен емес, осындай «қарама-қайшы үрдісті» нақты жоюмен айналысу қажет болады. Ал ол үшін, ең алдымен, мына сауалға нақты жауап болуы керек: сонымен, мұның басты себебі неде?..

Еуроодақ Транскаспий дәлізін дамытуға қаржы бөлуде

Еуропалық капиталдың өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы Еуропалық одақтың Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы толыққанды стратегиялық логистикалық хаб ретінде қарастыратынын көрсетеді.

Қазақстан банктері ірі бизнеске бет бұра бастады

Ұлттық банк ірі бизнеске несие беруге арналған өтінімдердің артқанын тіркеп отыр. Бұл банк секторының тұтынушылық несиелендіруден нақты экономика бағытына қарай біртіндеп бет бұра бастағанын көрсетсе керек.

ЕАЭО-дағы интеграциялық байланыстар әлсіреуде

Өз-өзін алдау көбіне сыртқы алдаудан да қауіптірек келеді. 2026 жылдың мамыр айындағы көрсеткіштер ЕАЭО аясындағы бірыңғай кедендік және бірыңғай экономикалық кеңістіктің толыққанды жұмыс істеуін тоқтатқанын айғақтайды. Шектеулер бойынша біржақты шаралар қолдану, жалпы режимнен алып тастау мен утилизациялық алымның жұмыс істеу ерекшеліктері іс жүзінде бастапқы идеяның тамырына балта шапты. Ал бұл идея, соның ішінде кооперациялық байланыстардың көмегімен, күрделі әрі ауқымды жобаларды ақтай алатын нарық құруды көздеген болатын.