Евразия24ЖаңалықтарТоқаев теңізге шыға алмайтын елдердің басшыларын 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін экологиялық...

Тоқаев теңізге шыға алмайтын елдердің басшыларын 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін экологиялық саммитке шақырды

|

|

 

АСТАНА. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруінен туындайтын проблемаларды шешу үшін үйлестірілген өңірлік әрекеттер мен халықаралық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Көптеген теңізге шыға алмайтын дамушы елдер (ТШДЕ) су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену және өзге де ауа райының төтенше құбылыстарына тап болуда. Бұл мәселелерді шешу өңірлік деңгейде үйлестірілген күш-жігер мен халықаралық қолдауды талап етеді. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шаралары теңгерімді, инклюзивті болуы және елдердің дамуға қатысты орынды қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс деп санаймын», – деді Президент БҰҰ-ның Теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында (Аваза, Түрікменстан).

«Климаттық өзгерістерге қарсы күрестегі күш-жігерімізді нығайту мақсатында келесі жылы сәуір айында Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өтетін Өңірлік экологиялық саммитке сіздерді шақырамын», – деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын теңізге шыға алмайтын елдер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы конференциясын өткізу арқылы бұл үдеріске белсенді түрде жетекшілік ете бастаған. Сол тарихи оқиға барысында ТШДЕ проблемаларын алғаш рет жаһандық даму күн тәртібіне енгізген Алматы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын.

«Бүгін біз Авазада кездесіп, алда тұрған міндеттерді шешу бағытында жаңа серпін беретін қадамдар жасауымыз керек», – деп атап өтті Президент.

Тоқаевтың айтуынша, теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ 32 дамушы елде 500 миллионнан астам адам тұрады. Бұл елдердің басым бөлігі әлі күнге дейін қаржыландыру, технологиялар және жаһандық нарықтарға қол жеткізу бойынша айтарлықтай қиындықтарға кезігуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Парламенті бірінші оқылымда Халық кеңесі туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады

Астана. 15 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Жұма күні өткен бірлескен...

Қазақстан астанасының мәртебесі туралы конституциялық заң жобасы Парламентте бірінші оқылымнан өтті

Жұма күні өткен бірлескен отырыста Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі «Астана мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда қабылдады.

Қазақстан Парламенті еліміздің аумақтық құрылымы туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Жұма күні өткен бірлескен отырыста Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.