Евразия24ЖаңалықтарГермания қаржы министрі Киевке жоспардан тыс ресми сапармен барды

Германия қаржы министрі Киевке жоспардан тыс ресми сапармен барды

|

|

 

Брюссель. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС – Германияның вице-канцлері және Қаржы министрі Ларс Клингбайль дүйсенбі күні Украинаға жарияланбаған ресми сапармен барды. Бұл туралы Батыс БАҚ-тары хабарлады.

«Біз Украинаға қолдау көрсетуде әлем бойынша екінші, ал Еуропадағы ең ірі серіктес ел болып қала береміз. Украина Германияға арқа сүйей алады», – деп мәлімдеді Ларс Клингбайль сапар барысында.

Сонымен қатар ол Ресей билігін Украинадағы бейбіт процесті қолдайтын ниетін көрсетуге шақырды. Министрдің айтуынша, келіссөздерге Киев міндетті түрде қатысуы керек және атысты тоқтату мен Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету қажет.

БАҚ мәліметінше, Германия Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы ақпан айынан бері Германия Украинаға жалпы сомасы 50,5 миллиард еуро көлемінде көмек көрсеткен.

Бұған дейін Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз етуге АҚШ пен Еуропадан тыс өзге де мемлекеттерді тарту қажет екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, мұндай кепілдіктер НАТО мүшелігімен тең дәрежеде болуы тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.