Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Корея мен АҚШ әскері Сеул маңында өзеннен өту жаттығуын өткізді

Оңтүстік Корея мен АҚШ әскері Сеул маңында өзеннен өту жаттығуын өткізді

|

|

Гонконг. 27 тамыз. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери қызметшілері осы аптада өзара үйлесімділікті нығайту мақсатында өзеннен өту бойынша бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Құрлық әскері хабарлады.

Үш күндік жаттығу дүйсенбі күні Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жердегі Кёнгидо провинциясында орналасқан Намханган өзенінің маңында басталды. Оқу-жаттығуға 300 әскери қызметкер мен әртүрлі техникалар, оның ішінде M3 амфибиялық машиналары және понтондық өткелдер тартылды.

Әскери қызметкерлер жаттығу барысында 280 метрлік қалқымалы көпір тұрғызып, өзеннің қарсы бетіне табысты өтті.

Бұл жаттығулар – 18 тамызда басталып, 11 күнге созылатын Ulchi Freedom Shield атты жыл сайынғы Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен оқу-жаттығу аясында жүзеге асырылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Эстонияның Ресеймен шекарасында дрондарды анықтайтын алғашқы радарлар іске қосылды

Эстония мен Ресей шекарасының Нарва және Нарва-Йыэсуу қалалары арасындағы бөлігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтайтын алғашқы радарлар жұмыс істей бастады.

Путин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынды елдің ұлттық мерекесі – Азаттық күнімен құттықтауында мәлімдеді.

Марокко билігі Сеута шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттарды ұстады

Марокконың қауіпсіздік күштері сенбі күні 111 мигранттың елдің солтүстігіндегі Испанияға қарасты Сеута қаласының шекарасына жету әрекетінің жолын кесті. Олардың басым бөлігі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген.

Тоқаев Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.