Евразия24Күнбе күнЖалған компаниялар, пирамидалар, есірткі: ҚМА есеп берді

Жалған компаниялар, пирамидалар, есірткі: ҚМА есеп берді

|

|

Ақорда хабарлайды: «Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

Кездесу барысында Жанат Элиманов кірістерді заңдастыруға қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Агенттік жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 24 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компаниялар анықталды.

Сонымен қатар, заңсыз криптовалюта айырбастау операцияларын жүзеге асырған 20 астыртын алаңның қызметі тоқтатылды. Бұл алаңдар негізінен есірткі саудасынан және алаяқтық жолмен алынған табыстарды жасырумен айналысқан. Бұған қоса, ТМД аумағында ең ірі саналатын криптосервис жойылды. Ол Darknet желісіндегі 20-дан астам алаңмен байланысты болған және 200-ден астам есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен.

Тергеу нәтижесінде құны 9,7 миллион АҚШ долларына тең виртуалды активтер бұғатталды. 720 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаны, оның ішінде үшеуі трансұлттық сипаттағы 15 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылғаны туралы ақпарат берілді. 63 инфрақұрылымдық жоба бойынша 164 миллиард теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығындарының жолы кесілді, ауыл шаруашылығы саласында 11 миллиард теңгенің субсидиясы тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан стоматологиялық қызмет көрсетілді деген желеумен 200 миллиард теңге заңсыз шешіп алынғаны белгілі болды. Заңсыз микрокредит беру фактілері бойынша жалпы сомасы 71 миллиард теңгені құрайтын 23 тергеу басталды. 300 мыңнан астам қарыз алушының берешегін қайтару және есептен шығару бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. 112 мыңнан астам адам тартылған 45 қаржы пирамидасы таратылды. Алаяқтық сипаттағы жобалар мен құмар ойындарға қатысты 31,5 мың сайт пен сілтеме бұғатталды».

Евразия24 пікірі:

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қызметінің нәтижесі – қазіргі қоғамдағы жүйелі мәселелерді айқын көрсететін көрсеткіш іспетті. Азаматтардың өз қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың санына қарағанда, қазақстандықтардың жеке қауіпсіздікке деген жауапкершілігі мен төзімі өте төмен. Әйтпесе алаяқтық фактілерінің жылдан-жылға артуын басқаша қалай түсіндіруге болады? Мемлекет бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу қажеттігін түрлі ақпарат құралдары арқылы үздіксіз ескертіп келеді. Алайда азаматтар соған қарамастан, қиындықтарға тап болып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ойдан шығарылған қызметтерге деп қаражат шешіп алу — осы бейқамдықтың тағы бір көрінісі. Сол сияқты, есірткі заттарын сату үшін тыйым салынған «наркошоптар» желісінің кеңеюі де жағдайдың қаншалықты ушығып кеткенін көрсетеді. Қоғамда өмір құндылығына деген көзқарас осындай деңгейде болса, сырттан жау іздеудің де қажеті жоқ — қоғамның өзі іштен іріп-шіріп барады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.