Amre әлемдік сахнада

|

|

ТАСС агенттігінің хабарлауынша: «Интервидение» байқауына қатысатын 23 ел өкілі шамамен 4 миллиард 334 миллион адам бұл байқауды тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, «Интервидение» байқауының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Сергей Кириенко баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол биыл «Интервидение» байқауының басталғанына 65 жыл толғанын еске салды. Оның айтуынша, фестивальде шырқалған әндер әлі күнге дейін орындалып, тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Жаңғыртылған «Интервидение» байқауы аясында 20 қыркүйекте орындалатын әндердің де ұзақ ғұмырлы болатынына сенеміз. Араға ондаған жылдар салып, бұл әндер Ресейде де, өзге мемлекеттерде де орындалатын болады», – деді Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, «Интервидение» Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Сергей Кириенко. Оның айтуынша, байқаудың басты ұраны – «Музыка – еліңнің жүрегінде». Кириенко байқау барысында қатысушыларға бірыңғай талаптар мен стандарттар қойылмайтынын ерекше атап өтті. «Керісінше, біз әрбір өнерпаздың даралығына, ұлттық ерекшелігін көрсетуіне үлкен мән береміз. Әрбір қатысушы өз елінің мәдениетінде ерекше орын алатын, мақтан тұтатын дүниелерін сахна арқылы жеткізеді деген сенімдеміз», – деп толықтырды Кириенко.

Евразия24 пікірі:

20 қыркүйекте Мәскеуде ең көне музыкалық жобалардың бірі – «Интервидение» байқауы өтеді. Ауқымды халықаралық іс-шарада Қазақстан атынан талантты әнші Amre (Ернар Садырбаев) өнер көрсетеді. Amre мұндай форматтағы халықаралық музыкалық байқауға бұған дейін де қатысқан. Ол «Голос» жобасының финалына дейін өтіп, Дима Биланның жетекшілігімен өнер көрсеткен. 2008 жылдан кейін ұзақ үзілістен соң қайта жаңғырған «Интервидение» байқауы әлемнің түрлі елдерінен келген өнерпаздарға жол ашып отыр. Бұл байқаудың басты ерекшелігі – халықаралық форматтағы музыкалық жобалар арасында сирек кездесетін бағытта ұйымдастырылуы. Нақтырақ айтқанда, байқаудың негізгі мақсаты – қатысушыларға өз елінің мәдениетін, дәстүрлерін, адамгершілік және отбасылық құндылықтарын танытуға мүмкіндік беру. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты гуманитарлық ынтымақтастық және мәдени байланыстар департаментінің директоры Александр Алимовтың атап өткендей, «Интервидение» байқауы өзінің ашықтығы және дүниетанымдық тазалығы арқылы ерекшеленеді. Байқау аясында көрерменнің ықыласын жаулау үшін әдепке жат элементтерді қолдану міндетті емес екені көрсетіледі. Нағыз сұлулық — жаттанды жаһандық үлгілерге ілесуде емес, әр елдің өз болмысын, ұлттық дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы композиторлар мен өңдеушілердің шығармашылығымен үйлескен стильдік әр алуандылықта.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.