Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстанда ұлттық бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекетке заң...

Тоқаев: Қазақстанда ұлттық бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекетке заң шеңберінде қатаң тосқауыл қойылады

|

|

АСТАНА. 17 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда этносаралық, конфессияаралық және ұлтаралық төзімділік пен өзара құрметке негізделген саясатты дәйекті түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін этностар, діндер мен ұлттар арасындағы келісім мен өзара құрметке негізделген саясатты ұстану – аса маңызды. Бірлік пен сан алуандылықты ұштастыруға бағытталған осы ұстанымға нұқсан келтіруге, оны бұрмалауға немесе әлсіретуге бағытталған кез келген әрекеттерге жол берілмейді. Сондай-ақ, елімізде тұрақты тұратын халықтардың тілдерін мемлекеттік қызметте және қоғамдық орындарда қолдануына кедергі келтіруге тырысқан жағдайлардың барлығы заң аясында тиісті құқықтық бағаға ие болады. Бұл – «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының басты талабы», – деді Президент Астанада өткен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары әлемде жаңа сын-қатерлердің көбейіп келе жатқанына назар аударды. Бұл үдерістерді көптеген сарапшылар мен саясаткерлер өркениеттік дағдарыс деп бағалап отыр.

«Біз ұлтшылдық пен патриотизм арасындағы шекараның көмескіленіп, олардың біте қайнасуын алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Мұндай үрдістер ұғымдық ауытқуларға алып келіп, әсіресе жастарды бағдарынан жаңылыстыруда. Сонымен қатар, қазіргі кезде консервативтік және либералдық көзқарастар арасындағы қайшылықтар ушығып, кейбір мемлекеттерде саяси тұрақсыздықтың орын алуына себеп болып отыр», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл күрделі үдерістерге ерекше мән беріп отыр.

«Аталған мәселелер – еліміздің ішкі саясатының өзегінде тұр», – деп түйіндеді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.