Евразия24Еуразия патриоттарыЖеңістің 80 жылдығына – 80 көшет

Жеңістің 80 жылдығына – 80 көшет

|

|

Павлодарлық «Майдан жолы» іздеу жасағы Денсаулық күніне орай ерекше шара өткізді. Жасақ мүшелері «Подари Земле сад» қорының көшетжайына барып, еріктілердің еңбек акциясын ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл экологиялық бастамаға әр жастағы тұрғындар – мектеп жасындағы балалардан бастап, педагогика саласының ардагерлеріне дейін қатысты. ИнЕУ Жоғары колледжінің басшылығы, оқытушылары, студенттері мен олардың ата-аналары бұл шараға белсенді атсалысты. Ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсеткен жайт – жасы 72-ге келген колледж оқытушысының да ағаш отырғызуға қатысуы. Студенттердің ата-аналары шараға бүлдіршіндерін де ертіп әкелді, ең кішкентай қатысушы небәрі үш жаста болды. Осылайша, бұл шара 3 жастан 72 жасқа дейінгі қатысушыларды біріктіріп, табиғатты қорғау мен тарихи жадыны құрметтеудің отбасылық әрі қоғамдық бірліктің нақты үлгісін көрсетті. Келесі маусымда, 2026 жылдың көктемінде, бастама жалғасын тауып, өсіп-жетілген ағаштар «Даңқ аллеясы» атты патриоттық экологиялық жобаға ұласатын болады. Қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жақындарының құрметіне жаңа көшеттер отырғызады. Осылайша, «Даңқ аллеясы» тек экологиялық шара ғана емес, жастарды, ардагерлерді, еріктілерді және елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіретін маңызды патриоттық жобаға айналады.

Евразия24 пікірі:

Қазіргі заманда жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке ерікті түрде қатыстыру оңай емес. Дегенмен ережеден тыс жағдайлар да бар – отбасында эмпатия, патриотизм және тарихқа құрмет сезімі берік қалыптасқан балалар бос уақытын гаджетке емес, еріктілер ісіне арнауды жөн көреді. Өйткені өскелең ұрпаққа табиғатты аялау мен тарихи жадыны сақтау ісіне қатысудың үлгісін көрсету – ең алдымен ересектердің міндеті. Осы іспен 2020 жылдан бері Павлодардағы «Майдан жолы» іздеу жасағы айналысып келеді. Еріктілер басқа елдерге барып, «Естелік вахталарына» қатысады, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің ұмыт қалған есімдерін қайтарып, жастарды патриоттық шараларға тартады. «Майдан жолы» іздеушілері әртүрлі буын өкілдерімен бірге соңғы бес жыл ішінде «Даңқ аллеясында» 2 мыңнан астам ағаш отырғызды. Әрбір жаңа қоғамдық шара кезінде олардың қатарын жаңа серіктестер толықтыруда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.

Баку мен Мәскеу арасындағы саяси текетірес ушығып келеді

Әзербайжан Ресейдің үш азаматын – «Москва 24» телеарнасының жүргізушісі Иван Князевті, саяси кеңесші әрі медиа сарапшы Семен Ураловты және журналист, РФ көлік министрінің кеңесшісі Алексей Чадаевты Интерпол арқылы іздеуге жариялады. Бұл шешім Мәскеу мен Баку арасындағы саяси қайшылықтың тереңдей түскенін байқатады. Сонымен қатар Әзербайжанның еуразиялық және пантүркілік мүдделер тоғысқан тұста Ресейден алшақ бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді. Осыдан кейін Мәскеу үшін Бакудің сыртқы саясаттағы ұстанымы да біршама айқындала түсті.

Тоқаев келесі президент сайлауына қатысу мәселесін 2027 жылы нақтылайтынын айтты

Астана. 23 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Алматы тұрғыны толтырылған бюллетеньді жариялағаны үшін жауапқа тартылды

Астана. 23 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда дауыс беру күні...