Евразия24ЖаңалықтарТүркияда ресейлік туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Түркияда ресейлік туристер мінген автобус апатқа ұшырады

|

|

Мәскеу/Анталья, 23 қыркүйек. – Түркияның Аланья қаласы маңында екі туристік автобус соқтығысып, салондарда болған 20-дан астам ресейлік азамат зардап шекті, деп хабарлады Антальядағы Ресейдің Бас консулдығына сілтеме жасаған Интерфакс-Туризм.

«Таңғы сағат 09:30 шамасында Аланья маңында екі автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала деректер бойынша, олардың ішінде 20-дан астам ресейлік турист болған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде», – делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.

Бас консулдықтың мәліметінше, кейбір туристер ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Дипломаттар Түркия билігімен, туроператормен және сақтандыру компаниясымен тұрақты байланыс орнатып, зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетуге дайын.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, оқиға Анталья мен Аланьяны байланыстыратын жолдың Конаклы муниципалитеті аумағында болған. Ресейлік туристер мінген автобус рейстік автобусқа соқтығысқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.