Евразия24ЖаңалықтарВенесуэла АҚШ-тың кез келген аймақтық қатерлі әрекетіне жауап беруге дайын

Венесуэла АҚШ-тың кез келген аймақтық қатерлі әрекетіне жауап беруге дайын

|

|

 

Мадрид, 23 қыркүйек. – Венесуэла АҚШ-тың елге немесе бүкіл аймаққа бағытталуы мүмкін кез келген әрекетіне қарсы тұратынын мәлімдеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Иван Хиль ұлттық телеарна арқылы хабарлады.

Министрдің айтуынша, Каракас тек Венесуэлаға қатысты ғана емес, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде де ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға әзір.

Сонымен қатар ол Каракастың Вашингтонға ашық диалог ұсынғанын еске салды. Бұған дейін вице-президент Делси Родригес президент Николас Мадуроның АҚШ басшысы Дональд Трампқа жолдау жіберіп, арнайы өкіл Ричард Гренеллмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізгенін мәлімдеген.

Айта кетсек, АҚШ есірткі картельдеріне қарсы операция сылтауымен Венесуэла жағалауындағы әскери күшін күшейткен болатын. Каракас бұл қадамды «агрессиялық әрекет» деп бағалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Парламенті бірінші оқылымда Халық кеңесі туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады

Астана. 15 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Жұма күні өткен бірлескен...

Қазақстан астанасының мәртебесі туралы конституциялық заң жобасы Парламентте бірінші оқылымнан өтті

Жұма күні өткен бірлескен отырыста Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі «Астана мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда қабылдады.

Қазақстан Парламенті еліміздің аумақтық құрылымы туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Жұма күні өткен бірлескен отырыста Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.