Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Мәжілісі кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі орталық құру...

Қазақстан Мәжілісі кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі орталық құру туралы келісімді мақұлдады

|

|

Астана. 24 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, Қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі халықаралық орталық (ҚЖТҚО) – бұл ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға арналған халықаралық ақпараттық жүйе болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты – анықталған қауіптерге уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету.

Келісімге сәйкес, ҚЖТҚО арқылы қылмыстық топтар қолданатын тәсілдер мен үрдістерді, соның ішінде жаңа технологияларды зерделеу жоспарлануда. Сондай-ақ орталық шекара маңы қауіптерін талдауға, статистикалық деректер алмасуға және тәуекелдерді төмендетуге бағытталған ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Құжатты Мәжіліс депутаттарына таныстырған Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов орталықтың ТМД елдерінің қаржылық барлау құрылымдары арасындағы тиімді мемлекетаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қорғалған ақпараттық жүйе ретінде құрылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, орталықтың маңызды міндеттерінің бірі – трансшекаралық қылмыстық топтардың қызметін, оның ішінде қаржы қаражатының транзиттік қозғалысын талдау болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев құны 1,8 млрд доллар болатын Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысына бастау берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жыл басынан бері 1,3 трлн теңгенің активтері қайтарылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың елдегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады

Түркияда ресейлік туристер арасында кеңінен қолданылатын Letim төлем сервисі 30 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей туроператорлары қауымдастығы (АТОР) сервис операторына сілтеме жасап хабарлады.

Арктиканың Еуропалық Одақ қауіпсіздігі мен экономикасы үшін маңызы артып келеді

Еуропалық Одақ аумағының бір бөлігі Арктикада орналасқан. Қазіргі уақытта бұл өңірде геосаяси өзгерістер қарқын алып келеді. Бұл туралы сейсенбі күні Страсбургте Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.